Нұрсұлтандықтардың суға берешегі 1 млрд теңгеге жуықтады

Сондай-ақ!

«Үй алып берем» деп ақша алыпты

Мемлекеттік бағдарлама бойынша үй алып беруге уәде еткен алаяқ әйел ұсталды, деп хабарлайды Túrkistan.kz   ІІМ сілтеме жасап. Бұрын сотты болған 60 жастағы М.есімді алаяқ әйел...

Ұрланған 464 телефон табылды

Алматы қаласында полиция қызметкерлері жеке үйлерді тінту барысында ұрланған 464 мобилді құрылғыны тәркіледі –  деп хабарлады  ҚазАқпарат . «Криминалдық полиция қызметкерлері арнайы жасақ сарбаздарының көмегімен...

Коронавируспен ауырған бір науқасты емдеуге неше теңге керек?

Коронавируспен ауырған бір науқасты  емдеу үшін 465 мың теңгеден 900 мың теңгеге дейін қаржы жұмсалады. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «коронавирус инфекциясымен ауырған бір...

Қомақты қаржы жымқырған: Энергетика министрлігі мен облыс әкімдіктеріндегі бірнеше шенеунік тергелуде

«Antikor ortalygy» алаңында Нұр-сұлтан қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Шыңғыс Қабдолла ҚР Энергетика министрлігінің және бірқатар облыс әкімдіктерінің лауазымды тұлғаларының үстінен...

Елордалықтардың суға қарызы миллиардқа жуықтаған. Берешегі көбейгендер қатарында құрылыс компаниялары мен жеке кәсіпкерлер де бар. Бұл туралы «Астана су арнасы» компаниясы хабарлады.

Коммуналдық сала қызметкерлері өздеріне тиесілі ақшаны алу үшін су мен кәріз жүйесінен ажырату жазасын қолдана бастады.  Жатақхананың коменданты бүгін тексерушілерді күтпесе керек. Суға қарызы 2 миллион теңгеден асқан тұрғын иесіне хабарласып шақыра бастады. Мұнда барлығы жүзге жуық пәтер жалдаушылар тұрады.

«Уақтылы төлемейді, сол себепті, бүгін біз қосқабатты үйді сумен қамтамасыз ету жүйесінен ажыраттық», – дейді «Астана су арнасы» компаниясының технигі Күлше Сайфулина.

Мына қосқабатты жер үйдің иесі де суды пайдаланған үшін ақысын төлеуге асығар емес. Коммуналдық сала қызметкерлері бірнеше мәрте үйді судан ажыратқан. Алайда, заң бұзушыға бұл шара әсер етпеген көрінеді. Берешегі 180 мыңнан асып кеткен.

Ревизорлардың айтуынша, көбіне адамдар үйлерінде болмайды немесе есікті қасақана ашпайды. Ал жазбаша жіберілген ескертуді тіпті елемейді екен. Үй иелері тарапынан ешқандай әрекет болмаған соң суды бұғаттауға тура келеді.

«Біз кассалық аппаратты тұрғындардың ыңғайы үшін алып жүреміз. Бір жерден екінші жерге барып жүрмей, бірден бізге төлеу үшін. Алайда қарызға белшесінен батқандар бұл мүмкіндікті де пайдаланбайды», – дейді «Астана су арнасы» компаниясының бақылаушысы Әйгерім Боранбаева.

Елордада су мен кәрізді тұтынушылардың жалпы қарызы миллиард теңгеден асқан. Оның жарты миллионға жуығы банкротқа ұшыраған құрылыс компаниялары мен мекемелерге тиесілі. Ал жеке тұлғалардың берешегі 300 млн теңгеге жеткен.

«Шатыр арқылы арнайы құрылғымен кәріз жүйесін толық жабамыз. Сосын пәтер ішінде тұтынушы суды қолдана алмайды. Өйткені су ақпай тұрып қалады», – дейді «Астана су арнасы» компаниясының абоненттік учаске бастығы Татьяна Стрельченко.

Мамандар қарызды бірден өнідіріп алу мүмкін еместігін айтады. Алайда, борышкерлердің ұяты оянбағанша, елордада бұл рейд жалғаса бермек.

 

Редакция таңдауы

Димаш Құдайберген сүйіктісі бар-жоғын айтты

Әлемге әйгілі әнші Димаштың жеке өмірі қызықты әрі құпия. Әншінің миллиондаған тыңдарманына «оның жүрегін жаулап алған кім ?» деген сұрақ қызықты, алайда әнші өз...

Генерал Б. Жанасаев: Елбасының сенімінен асқан жауапкершілік жоқ

Құқықтық тәртіп әскерінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сенім артқан сардарлар аз емес. Олардың әр қайсысының өз орны бар. Десе де, өмірлік тәжірибесі бай, Елбасының сенімін...

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...

Динара Сәтжанның сәтсіз жарнамасы «қызыл аймақ» әкімдеріне ұпай әкелмеді

Белгілі журналист, блогер Динара Сәтжан жақында Өскемен қаласына барып, Instagram әлеуметтік желісіндегі...

«Үй алып берем» деп ақша алыпты

Мемлекеттік бағдарлама бойынша үй алып беруге уәде еткен алаяқ әйел ұсталды, деп...

Ұрланған 464 телефон табылды

Алматы қаласында полиция қызметкерлері жеке үйлерді тінту барысында ұрланған 464 мобилді құрылғыны...

Коронавируспен ауырған бір науқасты емдеуге неше теңге керек?

Коронавируспен ауырған бір науқасты  емдеу үшін 465 мың теңгеден 900 мың теңгеге...

Қомақты қаржы жымқырған: Энергетика министрлігі мен облыс әкімдіктеріндегі бірнеше шенеунік тергелуде

«Antikor ortalygy» алаңында Нұр-сұлтан қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...