15 Қазан, 16:39 301 0 Денсаулық Анар ЛЕПЕСОВА

Ақтауда 9-сынып оқушысы 9-қабаттан құлап көз жұмды

Ақтөбеде жасөспірім 9-қабаттан құлап, мерт болды. Оқиға бүгін, 15 қазан күні шамамен сағат таңғы бесте болған, деп хабарлайды Lada.kz.

"Сағат 05:04-те 103 нөміріне 6 шағынаудан 37 үй мекенжайы бойынша шақыру келіп түскен. Оқиға орнына жедел жәрдем келіп, жасөспірімнің қайтыс болғанын айтқан. Алдын ала болжам бойынша бала 9-қабаттан құлап түскен", - деді денсаулық сақтау басқармасында. 

Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінде іс сотқа дейінгі тергеу амалдарының біріңғай реестрінде тіркелгенін айтты. 

"15 қазан күні кезекші бөлімге қоңырау шалды. Оқиға орнына криминалды полиция мен тергеу тобы барды. Баланың өліміне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы ("Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды", - деді ведомствоның баспасөз қызметінде. 

Қаза тапқан жасөспірім 9-сыныпта оқыған екен.

Соңғы жаңалықтар