535
Қазақстандық еңбек нарығында ең тапшы мамандар анықталды
Қазақстандық еңбек нарығында ең тапшы мамандар анықталды
Биылғы үшінші тоқсанның қорытындысы бойынша, электрондық еңбек биржасындағы түйіндемелер мен бос жұмыс орны санының арақатынасында күзетшілер Қазақстандағы ең тапшы мамандардың көш басында тұр. Бұл жөнінде Еңбек ресурстарын дамыту орталығы хабарлады.
Орталық сарапшылары атап өткендей, осы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша еңбек нарығында 3,3 мыңнан астам күзетші жұмыс орны бос қалған. Тапшы мамандардың үздік бестігіне тәрбиешілер (1,5 мыңнан астам бос орын), даяшылар (1,5 мың), сатушы-кассирлер (1,3 мың) және тәрбиеші көмекшілері (1,2 мың) кіреді. Ең сұранысқа ие мамандықтардың ондығына санитарлар, жүк көлігін жүргізушілер, орта мектеп мұғалімдері, жол жұмысшылары, сатушы-кеңесшілер кірді.
«Республика бойынша еңбек нарығындағы сұраныс айтарлықтай ерекшеленеді, ал күзетшілердің жалпы бос орындар санының үштен екісі 2 өңірге тиесілі екенін айта кету керек. Ол - Қостанай облысы (1050 бос жұмыс орны) және Нұр-Сұлтан қаласы (1034 бос жұмыс орны). Ал Шымкентте күзетшілер тапшы 25 мамандықтың тізіміне де енбей қалған. Еліміздің оңтүстік мегаполисінде ең сұранысқа ие мамандар - орта мектеп мұғалімдері (935 бос орын) болды», - делінген хабарламада.
Электрондық еңбек биржасындағы жұмыс күшінің сұранысы мен ұсыныстар талдауымен толығырақ мына сілтемеде танысуға болады.
Естеріңізге сала кетейік, биылғы 6 айдың қорытындысы бойынша еңбек нарығында күзетшілердің 4,4 мыңнан астам жұмыс орнына сұраныс болған жоқ. Тапшы мамандықтардың үздік бестігіне (2.6 мыңнан астам бос жұмыс орны) тазалағыштар (2,3 мың), даяшылар (2,2 мың) және жүк тасушылар (2,1 мың) кірді.