Ардагерлер дән риза

Ардагерлер дән риза

Ардагерлер дән риза
ашық дереккөзі
274
«Батамен ел көгерер» деген халық даналығын басшылыққа алатын «Nur Otan» партиясы «Ардагерлерді ардақтайық!» жобасы аясында қарттарға жыл бойы қамқорлық көрсетеді. Қарияларды туған күндерімен, айтулы мерекелермен құттықтап, сый-сыяпат жасау, үй шаруасына көмектесу секілді игі шараларды қолға алған партиялықтардың қамқорлығына ардагерлер дән риза. 17 жасында қан майданға аттанған Иван Хиценко құрлықтық әскер сапында болып, Одесса, Қырым, Сталинград қалаларын қорғады. Польша, Варшавадан Познани қалаларын жаяу жүріп өткен. Жеңісті Калининград облысының Пиллау қаласында қарсы алған. Алдыңғы шепте ерлік көрсеткен майдангер соғыстан кейінгі жылдары ұзақ уақыт бойы көлік жүргізушісі болып қызмет еткен. Тоқсанның үшеуіне келген қарияны партиялықтар арнайы құттықтады. – Екі жыл бойы майдан шебінде болдым. Көпті көрдім. Отанымызға бостандық сыйлауда өзімізді аямадық. Кейінгі буын өкілдерінде тап сондай елжандылық, патриоттық қасиеттері болса екен деймін, – дейді майдангер Иван Хиценко. Ал 94 жастағы Қасымхан ақсақал соғыс басталғанда небәрі 17-де болған. Училищеден кейін танкке қарсы қару алып, майдан шебіне аттанды. Ардагер соғыстан кейін қаруды қаламға айырбастап, «Қостанай таңы» газетінде меншікті тілші болып жемісті еңбек еткен. Бүкіл саналы ғұмырында ұрпақ тәрбиесіне араласқан ұлағатты ұстаз-тәлімгер, халқымыздың ғажайып өнері – айтысты, жырау-термешілікті насихаттауға арнады. Туған күн иесін партиялықтар арнайы құттықтай келіпті. – Әр атаулы күндері ардагерлерімізді құттықтап, қолымыздан келгенше көмек беріп, жағдайлары қиындарға қол ұшын созуға тырысамыз. Ардагерлерімізді қамқорлыққа алып, қарт майдангерлермен қатар, жалғызбасты тыл еңбеккерлеріне де көмек көрсетуге атсалысып келеміз, – дейді «Nur Otan» партиясы Қостанай облыстық филиалы төрағасының орынбасары Алмат Досмұхамедов. Партиялықтар ардагерлерді туған күнімен құттықтап, көмек көрсетуді дәстүрге айналдырған. «Мұның бәрі жеңісті жақындатқан жауынгерлерге көрсетілген құрмет, ерлікке тағзым» дейді партия белсенділері.

Серіктес жаңалықтары