Әлеуеті зор әріптестік

Әлеуеті зор әріптестік

Әлеуеті зор әріптестік
ашық дереккөзі
364
Апта басында «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Вьетнам коммунистік партиясының Орталық комитет хатшысы Во Ван Тхыонгпен кездесті. Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастық пен мәдени-гуманитарлық байланысты дамыту перспективаларын талқылады. Қазіргі таңда екі ел арасында дәстүрлі достық қатынас орнаған. Вьетнам – Қазақстан үшін Оңтүстік-Шығыс Азиядағы экономикалық және саяси салмақты серіктес. Соңғы жылдары екіжақты тауар айналымы тұрақты түрде алға ілгерілеп келеді. Бұл көрсеткіш соңғы 5 ай мерзімнің өзінде 23 пайызға өскен. Екі мемлекеттің экономикасын дамытуға ықпал етіп, болашақта үлкен үміт күттіретін бағыт қызмет көрсету және туризм саласы болып отыр. – Қазақстан – Орталық Азиядағы ең қарқынды дамып жатқан, халықаралық қауымдастықтың құрметіне ие болып отырған мемлекет. Біз тек экономикалық ынтымақтастықты ғана емес, сонымен қатар мәдениет, білім және басқа да салаларда өзара байланысты дамытуды көздейміз, – деді Во Ван Тхыонг. Кездесуден кейін «Nur Otan» партиясының Орталық аппаратында Nur Media холдингінің тілшілеріне берген сұхбатында Во Ван Тхыонг Қазақстан мен Вьетнам арасындағы серіктестіктің әлеуетті бағыттары туралы ойын айтты. «Экономикалық ынтымақтастық бағыттарының әлеуеті өте зор. Вьетнам – аймақтың агроөнеркәсіптік саласын дамытудағы көшбасшы мемлекеттердің бірі. Біз ауылшаруашылық өнімдерін, мысалы, күріш, теңіз өнімдерін экспорттауда үлкен тәжірибе жинадық. Ең қиын деген нарықтарды сәтті игердік. Қазіргі кезде АҚШ, Батыс Еуропа, Жапония елдерімен тығыз қарым-қатынастамыз. Қазақстанды өнімдерімізді алға жылжытудың перспективалы бағыты деп санаймыз және сіздердің өнімдеріңіз біздің елде де үлкен сұранысқа ие болатынына сенімдімін», – деді мәртебелі мейман.

Серіктес жаңалықтары