Түркістанда «Денсаулық фестивалі – 2019» шарасы өтті

Түркістанда «Денсаулық фестивалі – 2019» шарасы өтті

Түркістанда «Денсаулық фестивалі – 2019» шарасы өтті
ашық дереккөзі

 Түркістан қаласында «Денсаулық фестивалі – 2019» ауқымды іс-шарасы өтті.

Осымен 20-мәрте ұйымдастырылған фестиваль «Денсаулық сандарына жет!» ұранымен 10 мыңға жуық қала тұрғындары және мекеме-ұйым қызметкерлерінің жаппай қатысуымен таңғы жаттығу жасаудан басталды. Сондай-ақ, қаладағы «Парасат» саябағынан «Арбат» демалыс аймағына дейін велошеру ұйымдастырылды.

Іс-шараға қатысқан Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сакен Қалқаманов пен облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев «Денсаулық» қалашығындағы дәрігерлердің жұмысымен танысты. Фестиваль аясында Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен облыстық этномәдени бірлестіктердің «Қазақтану» жобасы –  «Қазақ дастарханы» ұлттық тағамдар көрмесінде 9 этномәдени бірлестік қазақтың ұмыт болған ұлттық  тағамдарын назарға ұсынды. Сонымен қатар мәдени-спорттық бағдарламалар ұйымдастырылып, жиынға келген жұрт түрлі этнос өкілдерінің ұлттық тағамдарынан дәм татты.

 width=

Ауқымды шара аясында білікті дәрігерлер мен медициналық сақтандыру қорының өкілдері денсаулық қалашығында 500-ге жуық азаматты қабылдады. Келеңсіз жағдай орын алғанда жедел жәрдем келгенше алғашқы медициналық көмек түрін көрсетуді қарапайым халыққа үйрету үшін арнайы сабақтар өтті. Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары әрбір тұрғынды денсаулығына жауапкершілікпен қарап, салауатты, белсенді өмір салтын ұстануға шақырды. «Арбат» демалыс аймағында ұйымдастырылған шара концерттік бағдарламаға ұласты.

 width=