Деревянченко: Головкиннің белбеуін Украинаға алып кетемін

Деревянченко: Головкиннің белбеуін Украинаға алып кетемін

Деревянченко: Головкиннің белбеуін Украинаға алып кетемін
ашық дереккөзі
Украинаның кәсіпқой боксшысы Сергей Деревянченко қазақстандық Геннадий Головкинмен өтетін жекпе-жегі жайында пікірін білдірді деп хабарлайды Prosport.kz. "Генамен жекпе-жек өткізу туралы тез келісімге келдік. Келіссөздер үш апта ғана жүрді. Әдетте үлкен жекпе-жек алдында бір келісімге келу өте қиын. Ұзаққа созылатын процесс. Қарсыласымда таңғалдыру үшін барынша дайындалып жатырмын. Кездесу тағдырын бір ғана соққы шешіп кетуі мүмкін. Головкиннің мықты боксшы екенін түсінемін. Бұрынғы әлем чемпионы, орта салмақтағы үздік боксшы. Бірақ мен өз күшіме толық сенімдімін. Головкинді жеңіп, чемпиондық белбеуді Украинаға алып кетемін. Сол үшін тер төгіп жаттығып жүрмін. Головкиннің командасы бірнеше рет жекпе-жектен бас тартты. Оның арқасында мені танымалдылық жинап жүр деді. Алайда, бұның бәрі бос сөз. Бокс – үлкен бизнес. Баспасөз үшін бірдеңе айтуың керек. Ереже бойынша мен титулға міндетті үміткер атандым. IBF бұл ережеге бағынып, боксшыларға чемпиондық белбеуге таласуға мүмкіндік бергеніне қуаныштымын", – дейді Деревянченко. Еске сала кетейік, Головкин мен Деревяенченко арасындағы жекпе-жек 5 қазан күні Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden кешенінде өтеді.