Алматыда Денис Тенді еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді

Алматыда Денис Тенді еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді

Алматыда Денис Тенді еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді
ашық дереккөзі
10-13 қазан күндері Алматыда Денис Тен атындағы мәнерлеп сырғанаудан халықаралық турнир өтеді. Denis Ten Memorial Challenge  жарысы «Халық Аренада» болады деп хабарлайды Ұлттық Олимпиада комитеті. Жарысқа ISU барлық мүшесі қатыса алады. Медальдар екі жас санатында ойнатылады – жасөспірімдер және ересектер. Сайыс бағдарламасында жеке және жұптасып сырғанау, спорттық би бар.  Оған қатысу үшін өтініштер 19 қыркүйекке дейін берілуі тиіс. Турнирдің бірінші күнінде жасөспірімдер, сондай-ақ ерлер арасындағы жарыстарда қысқа бағдарлама өтеді. Denis Ten Memorial Challenge сайысы жұптар мен мұзда би билеу нөмірлерімен аяқталады.