419
Атырауда су жаңа оқулықтар жауынның астында қалды
Атырауда су жаңа оқулықтар жауынның астында қалды
Атырауда су жаңа оқулықтар жаңбыр суының астында қалды. Баспадан енді шыққан кітаптарды бөлмек боп, қаладағы №2 орта мектепке түсірген. Алайда ауа-райын ешкім қаперге алмаған секілді. Әлеуметтік желі қолданушысы таратқан видеодан кейбір кітаптардың бумасымен су бетінде жатқанын көруге болады. Қораптары балшыққа былғанған. Бірақ оған қарап жатқан кітапханашылар жоқ. Бүлінген оқулықтарды әй-шәйға қарамай, көлікке тиеп жатыр, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.
Клара ҚАРАЖАНОВА, кітапханашы:
Уақытша жаңбыр жауды, көп кітап суға кеткен болуы керек. Қолымызға әлі ұстаған жоқпыз. Жаңа технология, барлық дамып отырған заманда, қандай заманда, соғыстың заманында да мынадай дәрежені, құлдық дәуірді көрген жоқпын. Естіген де жоқпын. Кітапханашы емес, бүкіл халық болып, сезонный, уақытша бір мекеме құру керек.
Бірақ қала әкімінің орынбасары "кітаптар бүлінген жоқ, бюджетке бір тиын да шығын келмеді" деді. Шенеунік кітаптың кешігуі тасымалдауға жауапты болған «Теміржолсервис» компаниясының кінәсі деп отыр.
Ұлықбек ТІНӘЛИЕВ, Атырау қаласы әкімінің орынбасары:
Таңертең шығарып қойған дайындап. Машиналар отгрузка жасап жатыр. Бірнеше рейспен. Сол кезде жаңбырдың кесірінен кейбір кітаптар су боп қалды. Ешқандай келеңсіз жағдай деп айтуға болмайды. Қазіргі таңда әлеуметтік желіге көрінген заттың нәрсені сала береді. Ол жерде ешқандай шығын келтірілген жоқ.