381
Жаңа телефон алу үшін екі баласын сатқан ана қамалды
Жаңа телефон алу үшін екі баласын сатқан ана қамалды
Қытайдың Чжэцзян провинциясында қарыздарынан құтылу үшін жаңа туған балаларын сатып жіберген ана қамауға алынды.
Бала саудасы жайлы мәміле 2018 жылдың қыркүйегінде болған. Әйелдің айтуынша, ол қарызы мен ақшасының жоқтығынан қылмысқа барған. Балалардың әкесі олардан бас тартып, қашып кеткен. Ал некеден тыс босанғандықтан оның ата-анасы көмектескісі келмепті.
Әйелге егіздер үшін 65 мың юань (606 мың рубль) берген. Балалардың туған әкесі осыдан кейін ғана оралып, ақшамен бөлісуді талап етеді. Сатылымнан түскен ақшаға әйел өзінің қарыздарын төлеген. Қалған ақшаға жаңа ұялы телефонға алып, несиесін өтепті.
Полиция бұл оқиғаны жақында басқа бір істі тергеу кезінде анықтады. Сатылған балалардың анасы да, әкесі де қамауға алынды. Аньхой провинциясындағы ерлі-зайыптылардан егіздерді тауып, тәрбиелеу үшін қыздың ата-анасына тапсырды.