Министрлік шетелдіктерге кигізетін шапанның бағасы белгілі болды

Министрлік шетелдіктерге кигізетін шапанның бағасы белгілі болды

Министрлік шетелдіктерге кигізетін шапанның бағасы белгілі болды
ашық дереккөзі
Бұрынғы мәдениет және спорт министрі, ал қазір Ұлттық музейдің директоры қызметінде жүрген Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстанда жұлдыз қонақтарға кигізетін шапандардың бағасын атады. Бұл туралы ол Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында айтып берді. Бұрынғы министр елде өткізілетін барлық мәдени іс-шара жақсы өтуі үшін (Қазақстан хандығының 550 жылдығы, 2016 жылғы Олимпиада ойындары, EXPO және тағы басқа) бірінші кезекте өзге елдерден келетін қонақтармен жақсы қарым-қатынас керек дейді. Сондықтан олар үнемі шетелден келген жұлдыз қонақтарға шапан кигізіп отырған екен. "Шапандардың бағасы 300-400 мың теңге аралығында. Бірақ бұл баға олардың Қазақстанға жасайтын жарнамасымен салыстыруға келмейді. Николас Кейджді мазақ қылып, түрлі мемдер пайда болған кезде ашуландым. Сондықтан мен келесі жолы Пласидо Домингоға қолдау көрсетуін сұрап, барлығын түсіндірдім. Ол біз берген шапанды киіп, Instagram-ға жариялап, "жергілікті өңірдің дәстүрлерін сақтай отырып... Қазақстан - тамаша ел!" деп суретінің сипаттамасына жазып қойды", - дейді экс-министр. Бұдан бөлек, Мұхамедиұлы министр қызметінде жүзеге асырған жобаларын айтып, тағайындалуына қатысты пікір білдірді.