6 шілдеде елімізде ауа райы қандай болады

/
6 шілдеде елімізде ауа райы қандай болады
istockphoto

Ертең, 6 шілдеде Астана, Алматы қалалары мен еліміздің 17 облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды turkystan.kz "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің бірқатар өңірінде аптап ыстық, найзағай, бұршақ, қатты жел және өрт қаупі сақталады.

Ұлытау, Атырау, Жетісу, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында күндіз ауа температурасы 35-40 градусқа дейін көтеріледі. Сонымен қатар, Түркістан, Маңғыстау, Абай, Жамбыл, Алматы облыстары мен Шымкент қаласында да төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Абай облыстарында найзағай ойнап, кей аймақтарда бұршақ жаууы мүмкін. Жел екпіні тәулігіне 15-28 м/с дейін күшеюі ықтимал. Тұман мен дауыл да кей өңірлерде байқалуы мүмкін.

Астанада күндіз найзағай ойнап, батыс бағыттағы желдің екпіні 15-18 м/с дейін жетеді. Алматыда да түнде найзағай күтіліп, өрт қаупі жоғары болады. Өскемен мен Семейде жауын-шашынмен қатар бұршақ жаууы мүмкін.

Мамандар тұрғындарды ауа райының қолайсыз жағдайларына дайын болуға, ашық далада абай болуға, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақырады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары