Алматы облысында баланы қағып кеткен жүргізуші іздестіріліп жатыр

/
Алматы облысында баланы қағып кеткен жүргізуші іздестіріліп жатыр
Видеодан скриншот

Алматы облысы, Көкөзек ауылында Lexus автокөлігінің жүргізушісі велосипед теуіп жүрген 6 жастағы баланы қағып, оқиға орнынан қашып кеткен, бүлдіршін ауруханаға жатқызылған, деп хабарлайды turkystan.kz Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап.

Қазір күдікті іздестіріліп жатыр. Полицияның мәліметінше, жол-көлік оқиғасы ауыл дүкендерінің бірінің жанында болған. Lexus RX 300 көлігінің жүргізушісі артқа шегінген кезде баланы соққан. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада көліктің оқиға орнынан кетіп қалғаны анық көрінеді.

Полицейлер жол-көлік оқиғасы және оқиға орнынан кетіп қалу фактілері бойынша қылмыстық іс тіркеп, сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Қазіргі уақытта күдіктінің болған жерін анықтау және ұстау бойынша бірқатар жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде, деді Алматы облысы Полиция департаментінің ресми өкілі Меруерт Морякова.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары