Қазақстанда «ақылды» технологияларды қолдану деңгейі бойынша қалалар рейтингі жарияланды. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі таратқан мәліметке сәйкес, көш басында Астана, Алматы және Қарағанды қалалары тұр, ал ең төменгі нәтижені Ақтау көрсетті.
Рейтинг жасау кезінде келесі көрсеткіштер ескерілген:
- электронды күнделік жүйесі,
- дәрігерге онлайн жазылу,
- автобустардың нақты уақыттағы қозғалысын бақылау,
- 109 байланыс орталығы,
- бейнебақылау камераларының саны.
Бұдан бөлек, кейбір өңірлерде медициналық суреттерді жасанды интеллект көмегімен талдау жүйесі енгізілуде. Бұл технология онкологиялық ауруларды ерте анықтауға көмектеседі. Сонымен қатар, Алматы мен Қарағандыда жол жағдайын бақылау үшін де ИИ қолданыла бастады, ол деректерді жинап, цифрлық карталар құрастырады.
«Ақылды қалалар» рейтингі (жоғарыдан төмен қарай):
- Астана
- Алматы
- Қарағанды
- Қостанай
- Өскемен
- Орал
- Қызылорда
- Павлодар
- Талдықорған
- Шымкент
- Петропавл
- Түркістан
- Атырау
- Қонаев
- Ақтөбе
- Көкшетау
- Тараз
- Семей
- Жезқазған
- Ақтау
Еске сала кетейік, бұған дейін осындай рейтинг 2020 жылы жасалған болатын. Ол кезде бағалау 11 бағыт пен 80-нен астам критерий бойынша жүргізілген. Оларға білім беру мен медицина саласын цифрландыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен көлік жүйесін автоматтандыру, экологияны бақылау, "ақылды" есептеуіш құрылғыларын енгізу, стартаптарды дамыту, ИТ-сервистерге қолжетімділік сияқты көрсеткіштер кірген.