Атырауда апатты үйлер бұзылады

/
Атырауда апатты үйлер бұзылады
istockphoto

Атырау қаласында апатты деп танылған үйлер бұзылады, деп хабарлайды "Atyrau.Today" ақпарат порталы.

Бұл бастама "Таза Қазақстан" бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатыр. Қазіргі уақытта ескі қаланың, ЖМК шағын ауданының аумағын тазарту жұмыстары белсенді жүргізілуде. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

"Атырау қаласының шегінде бүгінгі таңда 117 апатты үй тіркелген, оның 8-і — көппәтерлі тұрғын үй. Қала әкімдігі біртіндеп ескі, тозған нысандарды бұзу жұмыстарын бастады. 40-қа жуық арнайы техника жұмылдырылды, бүгінде 30-ға жуық апатты үйдің аумағын қоқыстан толығымен тазарту жоспарлануда", - деді қалалық ТКШ және тұрғын үй инспекциясы бөлімі бастығының міндетін атқарушы Ақесен Ибрагимов.

Айта кету керек, Орал жағалауындағы жалпықалалық сенбілікке 5000-ға жуық ерікті қатысып, өзеннің жағалауын қоқыстан тазартуға көмектесті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары