Жастардың ұлттық рух императиві

Жастардың ұлттық рух императиві

Жастардың ұлттық рух императиві
ашық дереккөзі
Қазіргі күні отандық білім беру ісінің алдында, әсіресе оны жетілдіріп дамытуда өте ауқымды да қомақты мәселелердің тұрғаны мәлім. Әсіресе,  қазақстандық гуманитарлық ғылым саласында, оның ішінде қазақ руханиятын дамыту мәселесінде түйіні шешілмей келе жатқан мәселелеріміз көп. Осы ретте, Елбасының: «Адам кешегісімен, қазіргісімен және келешегімен өмір сүреді», — деген орынды тоқтамын айтсақ та жеткілікті. Тарихтағы талай империя ұлттық рухы кө­те­рілгенде іргелі мемлекетке айналған, сонан айрылғанда ішінен ыдырап, берекетсіздікке ұрынып, пендешілдікке салынып әлсіреген, сонда сыртынан келген ұйым­шыл жау күйреткенін бүгінгі әлемдік тәжірибе дә­лел­деуде. Елбасымыз Н.Ә. На­зарбаев көрегендік танытып, шашылған мәдени мұра­ла­рымызды жинауға қам­қор­лық жасап, Мәңгілік ел болу үшін Рухани жаңғыруды жолға қойғанда рух, ру­ха­нияттылық мәселесін тия­нақ­ты  түсіну, соларға сәйкес мәнді іс бастауға мұрындық болды. Елбасының қазақ елін Мәң­гілік ел қатарына қосу үшін де бұрын бастаған «Мәдени мұра», қазір жалғас­ты­рып жатқан «Рухани жаң­ғыру» бағдарламалары қазақ ұлтының рухын көтеруге арналған. Бұл келер ұрпа­ғы­мыздың әлемнің озық елдері өкілдерімен өздерін тең сезінудің іргетасын тұрғызу болып табылады. Есімізде, 2018 жылдың 12 сәуіріндегі Нұр-Сұлтан (Ас­та­на) қаласындағы арнаулы зиялылар басқосуында «Рухани жаңғыру» бағдарла­ма­сы аясында іске асырылып жатқан аударма ісінің ал­ғаш­қы нәтижелерімен таныстырған Еліміздің тұң­ғыш Президенті: «Жастарымыз жоғары ғылыми стан­дарт­тарға сәйкес білім алуы тиіс», — деп мәлімдеген болатын. Сол Елбасының әлемдік білім беру сала­сын­дағы таңдаулы туындыларды аудару арқылы бүгінгі жас­тар­ға заманауи технология талаптарына сай білім алуға мүмкіндік туғызу тұрғыдағы сындарлы саясаты қарқынды деңгейде жүзеге асырылуда. Биылғы оқу жылында тағы да 30 оқулық білім беру айналымына енгізілді. Оқу­лық­тардың тілі ұғынықты, талдамгерлік тұстары ой ұшқырлығын жетілдіруге септігін тигізіп жатқанына куәміз және оны өз тәжіри­бе­мізден байқаймыз. Бұл бүгінгі білім алушы жас ма­мандарға кәсіби шыңдалу үдерісінде маңызды мағлұмат  болатыны анық. Демек, оқулықтарда мысалдар арқылы талдау жасай отырып, оқырман назарын оның күрделі әлеміне енуге жол ашады. Осы арқылы жас маманның интуициясын жетілдіруге бағыт сілтей оты­рып, оның кәсіби функ­ционалдық сауатын ашуға тырысады. Осы ретте, Ұлттық аударма бюросының 2019-2020 оқу жылдары қарсаңында жоғары білім берудің оқу бағ­дар­ламаларындағы жаңар­тылған технологияға сәйкес ұзақ мерзімге арнал­ған іс-шараларына куә болғанымызды айтпақпыз. Мәселен, үстіміздегі жылдың шілде айының 7-13 ара­лы­ғында көптеген пәндер бойын­ша онлайн-дәрістер оқылып, қашықтықтан ба­қы­лау тапсырмалары әзір­ле­ніп, тестік бақылау сұрақ­тарының базасын жасауға қатыстық. Сонымен бірге, «100 оқу­лық» бағдарламасы аясында аударылған оқулықтардың онлайн-дәрістері бойынша тест-сұрақтардың жүйесін қалыптастыруға қатысқан мамандардың қатарында болдық. Қорыта айтқанда осы­ның бәрі ұлттық білікті маманды қалыптастырудағы, білім беру саласын цифрландыру, оны білім алушыға икемді де тиімді ету амалдары деуге болады. Сайып келгенде рухы мықты интеллектуалды ұлтты қалып­тас­тыру жолындағы ізгілікті шара деп білеміз.  

Дәулетбек Раев,

Абылай хан атындағы Халықаралық

Қатынастар және әлем тілдері университеті

профессоры, философия ғылымдарының

докторы