Шығыс Қазақстанда заңсыз алтын өндіргендер ұсталды (ВИДЕО)

/
Шығыс Қазақстанда заңсыз алтын өндіргендер ұсталды (ВИДЕО)
скриншот

Қаржылық мониторинг агенттігі Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы аумағындағы «Кенкарын» учаскесінде жер қойнауын өз бетінше пайдалану және бағалы металдарды заңсыз өндіру дерегін әшкереледі, деп хабарлайды turkystan.kz.

Агенттіктің ақпаратынша, жер қойнауын пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнама талаптарын бұза отырып, күдіктілер екі жыл бойы тиісті лицензиясыз заңсыз алтын өндіріп, «Құлынжон» өзенінің арнасын өз бетінше өзгерткен.

«Заңсыз әрекеттің салдарынан табиғатқа келтірілген залал көлемі 82 млн теңгеден асты.

Тексеру барысында ауыр арнайы техника (жүктиегіш, самосвал, экскаватор) және өнеркәсіптік жабдық тәркіленді.

Ұйымдастырушы 2 ай мерзімге қамауға алынды. Тергеу амалдары жалғасуда», – делінген ақпаратта.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары