ШҚО-да браконьерлерден жарты тонна балық тәркіленді

/
ШҚО-да браконьерлерден жарты тонна балық тәркіленді
Полиция. Фото: polisia.kz

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті Зайсан көлінде балық аулауға жыл бойы тыйым салынғанына қарамастан, бір күннің ішінде балық ресурстарын заңсыз аулаудың үш фактісін анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тарбағатай ауданының алты тұрғынының заңсыз әрекетке қатысы бар екені анықталды. Бірінші жағдайда екі ер адам ұсталып, олардың 290 келіден астам балық, атап айтқанда көксерке, шортан және сазан аулағаны белгілі болды. Мемлекетке келтірілген шығын – 2 млн теңгеге жуық.

Екінші дерек бойынша браконьерлер 356 келі балық аулап, 2,6 млн теңгеден астам шығын келтірген. Үшінші топ дәл сол аумақта заңсыз балық аулап, 500 келіден астам балық – көксерке, шортан және алабұға ұстаған. Келтірілген шығын мөлшері шамамен 3,9 млн теңгені құрады.

Жедел іс-шаралар барысында құқық бұзушылардан "Прогресс-2" қайығы, әртүрлі маркадағы қайық моторлары және заңсыз балық аулауда пайдаланылған ондаған нейлон торлар тәркіленді. Алты күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта құқыққа қайшы әрекеттің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Полиция азаматтарды табиғатты қорғау заңнамасын қатаң сақтауға, су ресурстарына ұқыптылықпен қарауға және браконьерлік фактілері туралы құқық қорғау органдарына дер кезінде хабарлауға шақырады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары