Байзақ ауданының прокуратурасы еңбек заңнамасының сақталуына талдау жүргізді, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Байзақ су» ШЖҚ МКК қаржылық шығындарын негізсіз жоспарлау нәтижесінде биылғы жылдың маусым айында 18,2 млн теңгеге 146 жұмысшылардың алдында берешек пайда болғаны анықталды.
Прокуратураның қадағалау актісі негізінде жалақы бойынша берешек толығымен өтелді, ал кінәлі тұлғалар тәртіптік жауаптылыққа тартылды.
Ағымдағы жылы Жамбыл облысының прокуратурасы уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп қабылдаған шаралардың нәтижесінде 1 213 жұмысшы алдында жалақы бойынша 241 млн теңге берешекті өтеу қамтамасыз етілді.
Жалпы өңір прокурорлары 16 мыңнан астам жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғады.
Бұл бағыттағы жұмыс ерекше бақылауда.