329
Еліміздің 2 облысында мамандандырылған прокуратура құрылды
Еліміздің 2 облысында мамандандырылған прокуратура құрылды
Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында мамандандырылған прокуратура құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚР Бас прокуратуры Ғизат Нұрдәулетовтың төрағалығымен, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Қалмұханбет Қасымовтың қатысуымен, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың басшылары қылмыстық-атқару жүйесіндегі заңдылықтың жай-күйі талқыланды. Бас Прокурор қабылданған шараларға қарамастан, ҚАЖ мекемелерінде әлі де болса сотталғандардың құқықтарын бұзуға жол берілетінін атап өтті. Осыған орай ел Президенті Бас прокуратураға азаптауларға мұқият тексеру жүргізуді, ал ІІМ-ге түзеу мекемелерін жаңғыртуды және азаматтық бақылауды күшейтуді тапсырды.
Үйлестіру кеңесі мүшелерінің пікірінше, жағдайды түзету үшін кешенді шаралар, соның ішінде барақтан камерада ұстауға көшу, медициналық бөлімдерді колониялар әкімшіліктерінің бағынысынан шығару, сотталғандарды бөлу мен ауыстыруды автоматтандыру, бейнебақылау мен тіркеушілерді орнату, шағым беруге арналған терминалдар және т. б. айтылды. Бірқатар іс-шаралар Бас прокуратураның қатысуымен әзірленген ішкі істер органдары мен қылмыстық-атқару жүйесін реформалау жөніндегі жол карталарынан тұрады. Прокурорлық тексерулер, құқық қорғаушылардың есептері, сотталғандардың шағымдары колониялардағы азаптаулардың әлі күнге дейін орын алып отырғанын көрсетеді. Өңірлерде прокурорлар осы бағдарламалық құжаттардың сапасы мен іске асырылу мерзімдеріне тұрақты қадағалауды қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, Бас Прокурор сотталғандарға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық фактілері бойынша қатаң шаралар қабылдауды, кінәлілердің, соның ішінде Алматы облысының колониясындағы азаптауға қатысы бар барлық кінәлілердің жазадан құтылмауларына қол жеткізуді тапсырды.
Бүгінгі таңда прокурорлар осындай фактілер бойынша 23 қылмыстық істі сотқа жолдады. Үйлестіру кеңесінің қорытындысы бойынша қылмыстық жазалардың орындалу заңдылығын қадағалаудың тиімділігін арттыру мақсатында Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында екі мамандандырылған прокуратура құру туралы шешім қабылданды, онда колонияларда ел бойынша барлық сотталғандардың шамамен 30%-ы ұсталады.