Алтынды Қазақстанда өңдеу қолға алынбақ

Алтынды Қазақстанда өңдеу қолға алынбақ

Алтынды Қазақстанда өңдеу қолға алынбақ
ашық дереккөзі
257

Таяуда төменгі палатаның жалпы отырысында «Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» заң жобасын депутаттар бірінші оқылымда мақұлдады. Аталған құжат күшіне енсе, еліміздегі аффинаж зауыттарының сұранысын қамтығаннан кейін ғана өңделмеген алтынды экспорттауға рұқсат етілмек. Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешевтің айтуынша, өткен жылы елімізде шамамен 46 тонна өңделмеген алтын алынған. Ал өндірілген таза алтынның салмағы 27 тоннадан астам. Былтыр Ресейге сегіз тоннаға жуық алтын өңдеуге жіберілсе, биыл қосымша тағы төрт тонна жөнелтілген. Аталған құжат аясында бағалы металдарды елімізде өңдеуге мүмкіндік тумақ. Сонымен қатар, жиын барысында баяндама жасаған ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары Дина Ғалиеваның айтуынша биыл 24 тонна алтын сатып алынған. Ал жалпы банк қорында 115 тонна алтын бар екендігі анықталып отыр.

Серіктес жаңалықтары