7 Наурыз, 12:42 216 0 Қоғам Нәзия ЖОЯМЕРГЕНҚЫЗЫ

ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН ІТ-ХАКАТОН

Оралда мүмкіндігі шектеулі жас IT-мамандарға арнал­ған хакатон өтті. Іс-шара «Ерекше Таңдау-Шелек» Кор­поративтік қоры, «Мойы­майтын Мүгедектер Қоғамы» Қоғамдық бірлестігі, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бірлестігі мен «Шеврон» компаниясы және «Орталық Азияның Евразия Қоры» Корпоративтік қорының қолдауымен ұйымдастырылды.

Хакатонның негізгі мақсаты – инклюзивті топпен бірге  IT технологиялар арқылы мүмкіндігі шектеулі жандарға қатысты әлеуметтік мәселелерді шешетін жаңа және ерекше жолдар ойлап табу.

«Шеврон» компаниясы Қазақстан азаматтарының шығармашылық және ғылыми әлеуетін дамытуға ерекше мән береді. Әлеуметтік инвестициялар аясында, біз жастардың барлық қабілеттерін жан-жақты ашуға мүмкіндіктер жасауға тырысамыз. Осы жобамыз жетістікке толы және жастардың экономикалық мүмкіндіктерін ұлғайтатынына сеніміміз мол», – дейді компанияның өкілі Жанар Кошпанова.

Байқауға жас кәсіпкерлер IT әзірлеушілер, инженерлер, ЖОО және колледж студенттері, сонымен қатар барлық деңгейдегі маркетологтар, дизайнерлер және менеджерлер қатысты.

Бесінші  хакатонның және жалпы республикалық конкурстың нәтижесі бойынша 16 ең үздік топ 2019 жылы 2-6 сәуір аралығында IT саласы бойынша оқыту курсынан өтеді. Ол үшін Алматы қаласында «Тау Тұран» білім беру-сауықтыру кешенінде өткізілетін  IT лагерьге жолдама алады, сонымен қатар жобаны дамытуға 2 000 000 теңге жалпы көлеміндегі грант беріледі.

Соңғы жаңалықтар