7 Ақпан 2019, 10:17 610 0 Технологиялар Нәзия ЖОЯМЕРГЕНҚЫЗЫ

«IITU ROBOCON GAMES» ЧЕМПИОНАТЫ

«IITU Robocon Games!» атты оқушылар арасында робототехникадан төртінші Республикалық Чемпионат өтті.

Бір ойын алаңында робототехника чемпионы атағын алу үшін Алматы, Астана, Шымкент, Қарағанды, Екібастұз, Жезқазған қалаларынан 30 үздік мектеп командалары жиналды.

ҚР 30 мектебі бес ай бойы Arduino микроконтроллер негізінде екі робот әзірлеумен айналысты. Олардың негізгі мақсаты – белгілі бір уақыт аралығында ойын алаңында нақты командаларды жинау, дәлірек айтқанда: роботтардың өздері робот өндірумен айналысу керек.

ІІТU-дың проректоры Тұрғамбаев Медет Камалұлы: «IITU Robocon Games» мектеп оқушылары арасындағы жарыс Қазақ­станда халықаралық стандарттарға сай робот жасау және талантты жастарды айқындау ғана емес, сонымен қатар робототехниканы дамытуға мүмкіндік береді», – дейді.

«Шеврон» компаниясының өкілі Қошпанова Жанардың айтуынша: «Биылғы жылы біз Қазақстан Республикасымен табысты ынтымақтастығымыздың 25-жылдығын атап өттік, осы жылдары біздің әлеуметтік инвестицияларымыз мемлекет азаматтарының әлеуетін дамытуға арналды. Мысалы, бірнеше жылдан бері біз техникалық білімді дамыту бағдарламамыздың ажырамас бөлігі болып табылатын Robocon Games-ті қолдаймыз».

Arduino базасында роботтарды дайындау балаларды электроникадан бастап бағдарламалауға дейін роботтарды құрудың толық циклына бейімдейді. Мұндай әзірлеу LEGO EV3 базасында роботтарды құрастыруға қарағанда әлдеқайда қиын және STEM- мазмұнына көбірек сәйкес келеді. (STEM: S – science, T – technology, E – engineering, M – mathematics, жаратылыстану ғылымдары, технология, инженерия, математика т. б.). STEM білімін Қазақстанда дамыту – «Шеврон» компаниясының басым мақсаттарының бірі.

Байқау жеңімпаздары бағалы сыйлықтарға, сондай-ақ Халық­аралық ақпараттық технологиялар университетінде оқуға гранттар мен жеңілдіктерге ие болды.

Соңғы жаңалықтар