Елбасы жастарды баспанамен қамту мәселесін көтерді

Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде Елбасы жастарды баспанамен қамту мәселесін көтерді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Атап айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаев халық саны миллионнан асатын 3 мегаполис – Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жылына 1000 пәтер салуды тапсырды. Олар, негізінен, жұмысшы жастарға арналмақ. Осылайша, баспанасыз жүрген жас мамандардың мәселесі бірте-бірте шешімін таппақ. Айта кетейік, бұл бастама аталған 3 қалада бастау алғанымен, кейіннен басқа шаһарларда жалғасын таппақ.    Сондай-ақ Президент форумда жастардың үй-жай жағдайын жақсарту мақсатында елімізде арнайы «7-20-25»  бағдарламасының қолға алынғанын атап өтті. Елбасы баспаналы болудың түрлі жолдары қарастырылғанын тілге тиек етіп, тұрғын үйге қол жеткізу үшін тынбай еңбек ету керектігін айтты.

 

Back to top button