292
20 жастағы ақтаулық спортшы «Жыл адамы» атанды
20 жастағы ақтаулық спортшы «Жыл адамы» атанды
20 жастағы ақтаулық спортшы Бауыржан Нарбаев «Жыл адамы» атанды. 8 жасынан бастап боз кілемде белдесіп жүрген жас балуан халықаралық сайыстарда Қазақстанның көк туын бірнеше мәрте көкке желбіретті, деп хабарлайды «Хабар 24».
11 жыл ішінде Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы, Азия мен Европа кубогының 7 мәрте жеңімпазы атанған. Жастар арасында әлемдік рейтинг бойынша 3-ші орындағы спортшы. Енді міне, облыстық әкімдік ұйымдастырған «Жыл адамы» байқауында Бауыржан «Жыл спортшысы» аталымын жеңіп алды. Үздік балуанға алтын адам естелік мүсіні мен қаржылай сыйлық тарту етілді. Жылдың үздіктері анықталған сайыста құрылысшы, мұнайшы сияқты өзге де еңбек адамдары марапатталды.
«Жыл адамы» мен үшін үлкен жауапкершілікті білдіреді. Келесі 2019 жылы үлкен додалар күтіп отыр. Алдағы жарыстарға тағы да сенімділікпен шығып, үлкен белестерді бағындыруға және алдағы келе жатқан Токио Олимпиадасында алтынды алып келсем деген мақсатым бар», – дейді «Жыл адамы» байқауының иегері Бауыржан Нарбаев.