Студенттердің ең үздік жобалары анықталды

Студенттердің ең үздік жобалары анықталды

Студенттердің ең үздік жобалары анықталды
ашық дереккөзі
Астанада ҚР Білім және ғылым министрлігінің тікелей бастамасымен –өкізілген «Студенттердің 100 үздік идеясы» атты республикалық конкурстың жеңімпаздары анықталды. Атап айтсақ, Әл-Фараби атындағы ҚҰУ Филология және әлем тілдері факультетінің 2-курс студенттері Қаратаева Балжан Мұратқызы мен Емангалиева Камила Аскаровна ұсынған «Alshy» - ұлттық брэнд» жобасы конкурстың жүлделі I-орынды иеленіп, ноутбук ұтса, ал Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің Экономика және басқару факультетінің 3-курс студенті Жолдыбай Алтынай Ерболқызы ұсынған «Digital University» жобасы конкурстың жүлделі II-орынға шығып заманауи планшет ұтып алды. Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің Филология және тарих факультетінің 3-курс студенті Оразбек Айгерім Тәнірбергенқызы ұсынған «Тіл туризмі» жобасы конкурстың жүлделі III-орнына өтіп, ұялы телефонға ие болды. Конкурстың жеңімпаздары Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетінің «Отырар» кітапханасында марапатталды. Іс-шараға шығармашылық зиялы қауым өкілдері, БАҚ басшылары, ұстаздар мен студент жастар қатысты. Еске салсақ, «Студенттердің 100 үздік идеясы» конкурсы Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының негізгі ережелерін жүзеге асыру жөніндегі жалпы республикалық «100 идея» жобасын іске асыру щеңберінде өткізілді. Іс-шара ұйымдастырушылары ҚР Білім және ғылым министрлігі және «Ел-шежіре» қоғамдық қоры. Конкурс инновациялық қызметті белсендіруге, тәжірибелік мүдде мен қоғамдық маңыздылықты білдіретін инновациялық идеялар мен жобаларды анықтауға және енгізуге бағытталған болатын. Конкурс мақсаты – үздік идеялар мен жастар бастамаларын жинақтау. Конкурс материалдары төмендегі бағытта өтті:
  1. Қазақстанның қасиетті жерлерін бренділеу және оларды әрі қарай дамыту;
  2. қолайлы қала ортасын қалыптастыру;
  3. ауылдық жердің тұрмысын жақсарту;
  4. «табыс тарихы» мен селф-брендингты көпшілікке тарату саласындағы бастамалар
  5. бизнес-жобалар мен стартаптар;
  6. әлеуметтік саладағы жаңа цифрлық шешімдер;
  7. латын әліпбиінге көшу;
  8. алғаш қазақ тіліне аударылған кітаптарды оқуға және көпшілікке таратуға қызығушылықты арттыру;
  9. өлкетану;
  10. Қазақстанның мәдениетін шетелге таныту және елдің халықаралық қоғамдық-мәдени ұстанымы.
Биылғы жылы жоғары аталған кокурске 100-ден аса өтінім қабылданды.