Бразилияның солтүстігінде 600 үй жанып кетті

Бразилияның солтүстігінде 600 үй жанып кетті

Бразилияның солтүстігінде 600 үй жанып кетті
ашық дереккөзі
290
Бразилияның солтүстігіндегі Манаус қаласында (Амазонас штаты) қатты өрттен кем дегенде 600 үй қираған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап. 2500-ге жуық тұрғын баспанасыз қалды. Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз. Азаматтық қорғаныс қызметі өкілдерінің дерегі бойынша, бұл өрт ауқымы бойынша өңір тарихында екінші болып тұр. Манаус қаласы - Амазонас штатының әкімшілік орталығы. Ол Амазонка өзенінің жағалауында орналасқан. Халық саны - 1,8 млн. Манаусқа туристер көп келеді, себебі Амазонкаға экскурсия жасау осындағы порттан басталады.

Серіктес жаңалықтары