Әлемдегі ең сенімді көліктер тізімі жарияланды

Әлемдегі ең сенімді көліктер тізімі жарияланды

Әлемдегі ең сенімді көліктер тізімі жарияланды
ашық дереккөзі
«Toyota» концернінің автокөліктері ең сенімді көліктердің көшін бастады, деп хабарлайды «Хабар 24». Бұл тізімді CarMD америкалық компаниясының мамандары жариялады. Мамандар соңғы 22 жылда шыққан барлығы 5,6 миллион көлікті сараптамадан өткізіп, әрбір көлік маркасының қозғалтқышындағы олқылықтарды атап шықты. Ақыры Toyota автокөліктерінің қозғалтқышы ең жақсы нәтиже көрсетті. Тізімдегі екінші орында Acura, ал үшінші орында Hyundai автокөліктері тұр. Алғашқы бестікке Honda мен Mitsubishi көліктері кірді. Сонымен қатар мамандар Subaru, Buick, Mercedes-Benz, Lexus және Nissan автокөліктерінің сенімділігін де атап айтты.