14 Желтоқсан 2018, 16:32 919 0 Қоғам Назым Тойлыбаева

Әлия Назарбаева Президент марапатына ие болды

© Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздік күнін тойлау қарсаңында Астанада мемлекеттік наградаларды салтанатты түрде табыстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Әлия Назарбаеваға әдебиет және өнер саласы бойынша мемлекеттік премия берілді. Ол "Анаға апарар жол" толықметражды фильміне қосқа үлесі үшін алды. Әлия Назарбаева фильмнің продюсері. Марапаттау рәсімінде Президент Әлия Назарбаеваның бетінен сүйді.

Осыған дейін Қазақстан Президенті 2018 жылғы әдебиет және өнер саласындағы мемлекеттік премия тағайындау туралы заңға қол қойған еді.

Сонымен қатар, осы марапатқа "Анаға апарар жол" фильмінің коллективі де лайық болды: фильм режиссері Ақан Сатаев, сценарий авторы Тимур Жақсылықов, әртіс Алтынай Нөгербек, актер Әділ Ахметов.

"Бүгін біз ең үздіктерді, Отанның нағыз патриоттарын мадақтап жатырмыз. Олар еліміздің даму мақсатында бар ерік жігерін салып жатыр. Бүгін еліміздің барлық өңірінде менің атымнан марапаттау рәсімдері өтіп жатыр", - деді Нұрсұлтан Назарбаев Ақордадағы марапаттау рәсімінде.

Президенттің айтуынша, Тәуелсіздік күнінде еліміздің 1600 азаматы марапатталады.

Соңғы жаңалықтар