АҚШ Сенаты: Хашогги өліміне тақ мұрагері жауапты

АҚШ Сенаты: Хашогги өліміне тақ мұрагері жауапты

АҚШ Сенаты: Хашогги өліміне тақ мұрагері жауапты
ашық дереккөзі
256
АҚШ Сенаты журналист Жамал Хашогги өлімінің жауапкершілігін Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мохаммед бин Салманға артуды көздейтін қарарды бірауыздан қабылдады. Қарар авторлары Эр-Риядты журналист өліміне қатысы барлардың барлығын жауапқа тартуға шақырды, деп хабарлайды centralasian.org. Ақпарат құралдарының мәліметіне қарағанда, Орталық барлау басқармасының мамандары Хашоггиді өлтіру туралы шешім Сауд Арабиясының тақ мұрагерінің тікелей қатысуынсыз қабылдануы мүмкін емес деген қорытынды жасаған. Бұған дейін АҚШ корольдіктің 17 азаматына қатысты санкция салып үлгерді. Олар Хашоггидің көзін жою операциясына қатысты делінеді. Трамп барлау басқармасының мұндай тұжырымына күмән келтіріп, Эр-Риядпен тығыз қарым-қатынас Вашингтон үшін маңызды екенін мәлімдеген. Бейсенбі күні америкалық сенаторлар Сауд Арабиясы мен оның Йемендегі одақтастарын қолдауды доғару туралы қаулыны басым дауыспен қабылдады. Мұндай қарардың қабылдануына оппозициялық журналист Жамал Хашоггиді аясуыз өлтіруі себеп болды.

Серіктес жаңалықтары