Трамптың бұрынғы жеке адвокаты 3 жылға сотталды

Трамптың бұрынғы жеке адвокаты 3 жылға сотталды

Трамптың бұрынғы жеке адвокаты 3 жылға сотталды
ашық дереккөзі
АҚШ президенті Дональд Трамптың бұрынғы жеке адвокаты Конгрестегі алаяқтығы мен заңсыз келісімдер жасағаны үшін үш жылға сотталды,  деп хабарлайды tengrinews.kz Reuters-тан сілтеме жасап. Судья Уильям Поули Майкл Коэнды 2017 жылы Трамптың президенттік кампаниясы барысында Ресеймен байланысы туралы Cенаттың арнайы комитетіне жалған мәліметтер бергеніне қатысты 29 қараша мойындағаннан кейін сот үкімін шығарды. Қазіргі АҚШ президентінің Ресейде Trump Tower салу жоспары болғаны туралы айтылады. Бұл үшін заңгер екі ай қамауда болған еді. Сонымен қатар, Коэн Трамптың президенттік кампаниясына бөлінген қаражатты бұрынғы порноактриса Стефани Клиффордқа және Playboy журналының фотомоделі Карен Макдугалға бергені анықталды. Болжаммен екі әйел де Дональд Трамппен байланыста болған. Бұл туралы заңгер 2018 жылдың тамызында мойындаған еді. Трамп болса заңгердің сөзі жалған екенін айтып, өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарды.