ҚР Президенті шетел елшілерінен сенім грамотасын қабылдады

ҚР Президенті шетел елшілерінен сенім грамотасын қабылдады

ҚР Президенті шетел елшілерінен сенім грамотасын қабылдады
ашық дереккөзі
367
Бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар шетелдердің Қазақстанға жаңадан тағайындалған Төтенше және Өкілетті Елшілерінен сенім грамотасын қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Атап айтқанда, Мемлекет басшысына Ауғанстан Елшісі Мохаммад Фрахад Азими, Қырғызстан Елшісі Жээнбек Кулубаев, Литва Елшісі Гинтаутас Васюлис, Иран Елшісі Маджид Самадзаде Сабер, Армения Елшісі Гагик Галачян сенім грамотасын табыс етті. «Баршаңызды Қазақстандағы дипломатиялық қызметтеріңіздің басталуымен құттықтаймын. Бүгінгі рәсімнің еліміздің басты мерекесі Тәуелсіздік күні қарсаңында өтуінің символдық мәні бар. Біз егемендік алғаннан бері 27 жыл ішінде экономикасы қарқынды өсіп келе жатқан заманауи мемлекетке айналдық. Елімізде бейбітшілік пен қоғамдық келісімді қамтамасыз етіп, халықтың әл-ауқатын арттыруға баса мән бердік. Әлемнің алдыңғы қатарлы отыз елінің қатарына қосылу мақсатымен ауқымды бағдарлама мен реформаларды жүзеге асырып жатқанымызды білесіздер», - деді Елбасы. ҚР Президенті елшілердің жаңа миссиялары елдер арасындағы ынтымақтастықты дамытуға зор үлес қосатынына сенім білдірді. «Баршаңызға мықты денсаулық, толағай табыс тілеймін. Қазақстандағы әр күндеріңіз сәтті болсын», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Серіктес жаңалықтары