Жұлдызың жансын, Дәнелия!

Жұлдызың жансын, Дәнелия!

Жұлдызың жансын, Дәнелия!
ашық дереккөзі
Санаулы күндерден соң Беларусь астанасында «Junior Eurovision-2018» халықаралық балалар ән байқауы басталады. Осыған орай, Астанадағы Орталық коммуникациялар орталығында Минскімен бейнебайланыс ұйымдастырылып, айтулы өнер бәсекесінде ел намысын қорғайтын Дәнелия Төлешова қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының сауалдарына жауап берді. «Уақыт жақындаған сайын қобалжу үстіндемін. Қазір қызу дайындық жүріп жатыр. Маған сахнаға шыққан, өнер көрсеткен ұнайды, ән айтудан ләззат аламын. Мені қолдайтын және сенім білдіретін адамдардың барына қуанамын, бұл үлкен жауапкершілік. Қазақстанның өнер саласына өз үлесімді қосқым келеді. Осы байқауға қатысуда маған қолдау көрсетіп, өнерде көмектесіп жатқан барлық адамдарға алғысымды білдіремін», – деді Данэлия Төлешова. Айта кетейік, 19 қараша күні Минскіде «Junior Eurovision-2018» халықаралық балалар ән байқауының ашылу салтанаты өтті. Онда жеребе тартылып, 20 мемлекеттен келген қатысушылардың сахнаға шығатын реттік номері анықталды. Қазақстан атынан өнер көрсететін Дәнелия 3-нөмірде сайысқа түспек. «Junior Eurovision-2018» балалар ән байқауының гранд-финалы 25 қараша күні өткізіледі.