Жастар жылы: Жақсы жаңалық күткен жұрт

Елбасы Н.Назарбаевтың биылғы жарияланған жолдауы жастарды бір серпілтіп, бойына жігер сыйлағандай. Cебебі еліміздің болашағы – жастарға айрықша көңіл бөліп, Жастар жылын қабылдауға ұсыныс білдіруі қоғамның ауызбірлігін еселеп арттырды.

Елбасының үнемі жастарды қолдап, жастар саясатын дамытуды көздейтіні бекер емес. Ол мұны кезекті жолдауында да ашып айтты. «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауда Елбасы 2019 жыл елімізде Жастар жылы деп аталатынына екпін түсірді. Ал «Жастар жылы» не атқарылуы тиіс? Қандай түйткілге басымдық берген абзал?

Жастар жылы кейбір айтулы даталар сияқты ұрандатып, желеулетіп өткізетін жыл емес. Түрлі форумдар мен конференция, флешмоб мерекелерінің берері қаншалықты? «Жастар жылы дегенді қалай түсінеміз, оның мақсаты не, не жасалуы керек, жастардың бүгінгі бетпе-бет келіп отырған мәселесі қандай?» деген сұрақтар бойынша терең зерттеу жүргізіп, оны саралап, нақты істелу керек жұмыстардың тізімін жасауымыз керек. Дәлірегінде, қоғамның маңызды бөлігін құрайтын жастарға кең мүмкіндік берілуі тиіс. Сондықтан да нақты ұсыныстар қабылданып, жастардың жан-жақты көмекке ие болуын қамтамасыз еткен жөн. Әсіресе, жастар арасында жұмыссыздық деңгейін төмендетуге байланысты іс-шаралар қолға алынып, нақты нәтижеге қол жеткізуін қадағаласақ құба-құп. Бүгінде 35 жасқа дейінгі жастардың көбінің басында не баспанасы, не тұрақты жұмысы жоқ. Ауылдан қалаға жұмыс іздеп келген кейбір жастардың тауы шағылып, түрлі қылмыстық әрекеттерге бой алдырып жататыны да жасырын емес. Көшедегі ұрлық-қарлық, кісі тонау оқиғалары да ара-тұра жұмыссыз жастардың қолымен жасалуда. Олардың бос сенделіп жүрмеуі үшін мемлекет тиімді бағдарлама қабылдап, соның аясында жұмыс істеген абзал. Мәселен, жас мамандардың, жас отбасылардың баспаналы болуын тездететін тетіктерді қайта қарап, жеңілдік қарастырылса, артықтық етпейді. Себебі демографиялық ахуалға серпін беретін де – жастар. Жас отбасылар өз баспанасына ие болмайынша бала туу санын тежей беретіні айтпаса да түсінікті.

Бұл жөнінде жастардың пікірі қандай? «Жас Отан» жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Талғат Тілестің айтуынша, Елбасының жастарға деген қамқорлығы ерек. «Жастарға әлеуметтік қолдау көрсету әрбір жас буынға серпіліс берді. Олардың білім алып, білікті маман атануына жағдай жасау мәселесі де сөз болды. Білімді ұрпақтың негізі – мектепте қаланады. Сондықтан барлық білім ұяларында Назарбаев зияткерлік мектебінің оқу бағдарламасын енгізу керектігі бекер айтылған жоқ. Сол кезде ғана жастар ғылымға бет бұрып, өзідігінен салалық ғылымды дамытуға қызығады», – дейді ол.

Ал «Темірқазық» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Амандық Нұржан болса, бұл жолдауда жастарға ерекше тоқталып, жастар саясатын дамытуға екпін түсіргеніне бек қуанышты. «Жастар мәселесі күн тәртібіне шыққаны дұрыс болды. Әсіресе, ауылды жердегі жастар екі қолға бір күрек таба алмай сенделіп жүр. Егер осы жыл аясында арнайы бағдарлама қабылданса, сондай-ақ, ол негізінен жұмыспен қамтуға, баспаналы болуға жол ашса, қанекей? Демек, Елбасы бізге сенім артып отыр, ал біз осы үдеден шығуымыз керек», – деді ол.

Жастар – қоғамның қозғаушы күші. Бүгінгі жастар креативті пікірге ие. Шыны керек, қазір жастар арасында соңғы инновациялық технологияларды пайдалану арқылы жобалар ұсынып жүргендері баршылық. Түрлі жаңа технологияның игіліктерін біліп, көріп жүрген де солар. Инновациялық жобаларды халықаралық деңгейдегі сайыстарға қатыстырып, арнайы грант ұтып алған жастар көп. Ал оны ғылыми тұрғыда жүзеге асыруға қаржылық қолдау қажет. Демек, мемлекет тарапынан озық идеяларға, ұтымды жобаларға арнайы қаржы қарастырылып, жүзеге асуына мұрындық болған жөн. Онсыз білімді жастар шетел асып, басқа елдің атынан шығуы әбден мүмкін. Сол себептен ғылымды дамытамыз десек, әуелі инновациялық жобаларды мақұлдау қажет.

Талантты, талапты жастар ауылда да жүр. Ауыл жастары қала жастарына қарағанда көп мүмкіндіктен қалыс қалуда. Елбасы мұны да қаперге салды. Ол ауыл жастарына кәсіп ашып, іс бастауға көмек қолын созу керектігін ескертті. Қазір мемлекет ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қаржыны еселеп құюда. Айталық, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы, «Агроөнеркәсіпті дамыту» бағдарламасы бойынша жастар үшін арнайы пункт енгізілсе деген ұсыныс бар. Мәселен, ауылшаруашылығы саласының жандануына атсалысып жатқан жастар жетерлік. Олар жалға жер алып, жұмыс істейін десе түрлі кедергіге тап болады. Мұны жеңілдетіп, салықтық үстемелерден босату жағын тиісті министрліктер мен жауапты әкімдіктер ескерсе жөн. Ниет бар, бірақ қолдау аз.

Бүгінгі жастар – ертеңгі кәсіби білікті маман, болашақ отбасының тірегі. Әрбір жас қоғамда өз орнына ие болу үшін кез келген қоғамдық мәселеге бейжай қарамауы тиіс. Себебі патриоттық рух та, рухани ерік-жігер де ортамен араласудан туындайды. Мәселен, жастардың өзі бәзбір ұйымдардың қолшоқпарына айналудан сақ болғаны жөн. Әсіресе, кейбір ұлттық мәселеге келгенде салмақты пікір, ұтымды ой білдіріп, өзіндік менін жоғалтпағаны абзал. Жасыратыны жоқ, соңғы кезде жергілікті әкімдіктер мерекелер кезінде жастарды тек флэшмоб сынды көңіл көтеретін ойын-сауықтық мерекелерге ғана пайдаланып жүр.

Елбасының «бес бастамасы» аясында студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету жайы көтерілген болатын. Осы бастаманың нәтижесінде Алматы, Астана, Атырау, т.б. ірі қалаларда студенттік жатақханалар бой көтеріп, алғашқылары пайдалануға берілді. Алайда бұл студенттік баспанаға мұқтаж 101 мыңнан аса студенттің мәселесін шеше ала ма? Ал пәтерден пәтер жалдап жүрген 24 мың алматылық және 17 мың астаналық студенттің мұңын кім тыңдайды? Осы іске жауапты Бақытжан Жұмағұлов алдағы уақытта студент жастардың жатақханаға мұқтаж болмайтынын жеткізген-ді. Себебі жыл сайын жаңа оқу жылы кезінде шарқ ұрып, жатақхана іздеп кететін жастар көп. Шәкіртақысы баспана жалдап тұруға жетпесе де, бірлесіп күнелтіп тұруға мәжбүр болып келді. Осы мәселені ескерген Елбасы 2020 жылға дейін 75 мың орын болатын жатақхана салуға тапсырма берген еді. Әрине, бұл мәселені 4 жылда шешу оңай емес. Бірақ білім және ғылым министрлігі берген мәліметте биыл 140 мыңдай түлек мектеп тәмамдаған. Одан бөлек 9 сыныпты бітіріп, арнайы колледждерге түскен студенттер бар. Ал қалаға ауылдан келіп, білім алатын жастар саны – 41 пайыз.

Сондай-ақ, соңғы жылдары жастар арасына ауыз сала бастаған түрлі дерт көп. Оған шалдықпас үшін салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен айналысуға ден қойылса. Бұқаралық спортты дамыту үшін спорт нысандарын тегін, тіпті, болмаса қолжетімді бағамен пайдалануға беру мәселесін қолға алған жөн. Қазір өткізіліп жатқан спорттық шаралар аз емес. Елімізде қысқы Азиада, Универсиада ойындары өз деңгейінде өтті. Оларға арналып арнайы спорт нысандары бой көтерді. Міне, соларды халықтың игілігіне беру керек. Онсыз балалардың, жасөспірімдердің, жастардың спортқа көңіл бөліп, тұрақты айналысуы құрғақ сөз болмақ.

Тағы бір мәселе – жас мамандарға шалғайдағы елді мекендерде жұмыс істеу үшін тиісті жағдай жасау. Жыл сайын қаншама маман оқу орнын бітіріп, қолына дипломын алады. Алайда солардың ішінде ауылын, туған жерін көркейтуге, өсіруге үлес қосатындары сирек. Сондай жастың бірі «Болашақ» бағдарламасы арқылы білім алып, ауыл мектебінде жемісті еңбек етіп жүрген Абзал Ескендірдің ісіне сүйсінбеген адам кемде-кем. Жапонияның Осака қаласында ядролық физика мамандығы бойынша магистрлік білім алған ол ауыл мектебін, ауыл балаларын ғылымға баулуға күш салуда. Бүгінде «Жыл мұғалімі» атағына ие болған жас ұстаз: «Оқушының әрбір жетістігін көріп, ұстаздық салада бекер жүрмегенімді сезінемін. Себебі бала – таза бұлақ. Бұлақтың көзін ашу – бізге жүктелген міндет. Баланың бәрі талантты, білім алуға құштар. Алайда олармен жұмыс істеп, білім мен ғылымға деген қызығушылығын ашып, арттыру керек. Құдайға шүкір, қазір оқушыларым түрлі байқауларда бақ сынап, жүлделі орындарға ие болуда. Мұның өзі ұстаз үшін абырой» екенін айтады.

Міне, дәл Абзал сияқты жастар әр өңірге, әр ауданға, әр ауылға қажет. «Болашақ» бағдарламасы арқылы білімін жетілдіріп, тіл меңгерген талай жас қалаға, ақшасы көп жұмысқа орналасады. Тіпті, кейбірінде «ауылымды дамытуға септігім тисе екен» деген ой болмауы да мүмкін. Алайда «Елдің болашағы – жастар» десек, Жастар жылы аясында Абзал сияқты жас мамандарды ел алдында дәріптеуден тайсалмау керек.

Сонымен, Жастар жылына бөлінген қаржы ырду-дырду көңіл көтеретін дүниеге емес, нақты іс-шараларға бағытталуы қажет. Ол үшін атқарылатын мәселелер тізбегі жасалса құба-құп. Екіншіден, жастардың әлеуметтік мәселесін шешуді көздеу керек. Қазір отбасы арасындағы кикілжің де, ажырасу дерегінің көбейіп кетуі де жас отбасылардың жылдап пәтер жалдауынан туындайды. Мамандар жастар арасында отбасыны сақтап қалуға байланысты жиі әңгіме өрбітуді құп көреді. Бәлкім, ажырасудың алдын алу үшін медиациялық орталықтардың жұмысын ізгілендіру керек болар. Медиация институты несие үшін ажырасып жатқан жастардың мәселесін шешудің жолын ұсынса, төменгі пайызбен несие алып, алдыңғы несиені жабатындай жолдарын қарастырса, жас отбасыларға психологиялық көмек беруді ұйымдастырса абзал болар. Мұндай көмек беретін орталықтарды қаржыландыру мәселесі де шешілуі тиіс. Жастар үшін ең басты түйткіл – білім алу және жұмыспен қамтылу, одан кейін баспаналы болу. Егер осы үш мәселе шешімін тапса, жас маман тиянақты, сапалы жұмыс істей алады.

Қазақта «Жас келсе – іске» деген сөз бар. Ақылды технология заманында ақыл да, тың идея да жастардан шығады. Ендеше, Жастар жылы – жастарға арналуы керек. 2019 жыл жалаң сөз, жаттанды дүниеге құрылмай, жастардың нақты түйткілдерін шешетін жыл болғай!

P.S. 5 қарашада Ресейдің Свердлов облысы жастар саясаты аймақтық департаментінің жетекшісі, олимпиада чемпионы Ольга Глацких студенттер мен оқушылармен өткен кездесуде: «Қазір кейінгі буын, жастар жағы мемлекет олар үшін бәрін жасауы тиіс деп ойлайды. Жоқ, олай емес. Сіздерді мемлекет емес, өмірге әкелген ата-анаң қамтамасыз етуі тиіс. Себебі мемлекет оларға бала ту деген жоқ. Бәрі өз құқығын біледі, бірақ міндеттеріне келгенде ұмытып қалады…» деп алып Ресейді аямай шулатты. Ол іле-шала қызметінен қуылды. Кез келген өркениетті мемлекет өз жастарының алдында қашаннан қарыздар. Өйткені барша мемлекеттің болашағы – бүгінгі жастардың қолында. Бірақ бір өкініштісі, Ольга Глацких секілді ойлайтын керітартпа жандар Қазақстанда аз ба?!

Редакция таңдауы

Мемлекет басшысы Моңғолияның жаңадан сайланған президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ухнаагийн Хүрэлсүхтің Моңғолия Президенті болып сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Akorda.kz. “Ciздi Моңғолияның Президенті лауазымына сайлануыңызбен Қазақстан халқының және...

Қ.Ясауи атындағы ХҚТУ-да TÚRKISTAN газеті жинағының таныстырылымы өтті

Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде TÚRKISTAN газеті жинағының таныстырылымы өтті. Биыл Халықаралық қазақ-түрік университетінің 30 жылдық мерейтойы. Айтулы дата қарсаңында...

Түркістан іргесіндегі іргелі бақ түркі жұртының ырысты мекеніне айнала ма?

Түркістанның іргесіндегі Ескі Ихан ауылы – ежелден алма бағымен даңқы алысқа кетіп жатқан құтты ме­кен. Қазір бағбандардың алма, алша, жү­зім, өрік, алмұрт бағы жеміс...

Бағы жанған Бьернсон

Әрине, бүгінгі күннің көзқарасы тұрғысынан қарап Нобель сыйлығының үшінші лауреаты норвегтердің ұлттық мақтанышына айналған суреткері Бьернстано Бьернсонның шығармашылығына түрлі баға беруге қақымыз бар. Иә,...
Моңғолия

Мемлекет басшысы Моңғолияның жаңадан сайланған президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ухнаагийн Хүрэлсүхтің Моңғолия Президенті болып сайлануына байланысты құттықтау...
Сенат

Байтақ жұрттың байрағын биіктеткен

Биыл ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен қатар, Қазақстан Парламентіне 25 жыл толып отыр....
Belaz

Қарағанды облысында аса үлкен жүк көлігі жеңіл автокөлікті жаншып кетті

Шамасы алып жүк көлігі орнынан қозғалғанда оның жүргізушісі алдында тұрған жеңіл автокөлікті...

Жаңалықтар

Елбасы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасын қабылдады

Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев пен «Лукойл» компаниясының президенті Вагит Алекперовті қабылдады, – деп хабарлады elbasy.kz. Кездесуде мұнай-газ саласындағы...

Қаскелең Алматыға қосыла ма?

Алматы қаласы Жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Алмасхан Ахмеджанов оңтүстік мегаполисті дамыту жоспары туралы айтты. Tengrinews.kz сайтының жазуынша, сәулетші Қаскелең қаласының Алматының құрамына кіруі және осы...

Мемлекет басшысының тапсырмасынан кейін екі әкім қызметінен кетті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Солтүстік Қазақстан облысында жүргізілген тексерістен кейін екі ауданның әкімі қызметінен босатылды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли...

LRT ісі: сотталушылардың адвокаттары мәлімдеме жасады

«Астана LRT» ісі бойынша сотталушылардың адвокаттары бірінші инстанциядағы соттың үкімімен келіспейтінін және апелляциялық шағым беретінін мәлімдеді, – деп жазды Tengrinews.kz. Жанат Нұрпейісов, Ұлықбек Ачилов пен Дәурен...

Алматы облысы: 4 оқушыны көлігімен қаққан мас жүргізуші 10 жылға сотталды

Еңбекшіқазақ ауданында болған жантүршігерлік оқиға салдарынан 9-10 жастағы екі қыз бала ауруханада көз жұмған болатын. Еңбекшіқазақ ауданындық сотының судьясы Айнұр Балтақай үкімді оқыды. Еңбекшіқазақ...

Петропавлда көшеде жалғыз жүрген екі жасар баланың туыстары іздестірілуде

Петропавлда полицейлер мен волонтерлер шамамен екі жастағы баланың туыстарын іздестіруде, – деп хабарлайды Polisia.kz. Шамамен екі жастағы балақайды кешкі сегіздерде Жұмысшы кентінен тауып алған....

Ауыл шаруашылығы министрлігіне қатысты тергеу басталды

  Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі құс фабрикаларының өтініштерін қарау қорытындылары бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігіне қатысты мемлекеттік органның бәсекелестікке қарсы іс-қимыл белгілері бойынша тергеуді бастады. ҚР...

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына байқау жарияланды

2021 жылғы 20 мамырда Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына байқау жариялады. Байқау «Әдебиет», «Ғылым», «Дизайн және...

Dragon әскери атағын жеңіп алған Даниядағы қазақ қызы

Ләйла Аюби Данияда тұрады. Ұлты – қазақ. Хольстебро қаласындағы «Ютландия айдаһар полкінің» курсант-сарбазы. Даниядағы әскери адамдарға берілетін «Айдаһар»  атағын алған жас маман. Бала күнімнен...

Жанболат Мамайдың жақтастары Azattyq Rýhy тілшісіне жұдырық ала жүгірді (видео)

Жанболат Мамай мен оның жақтастары Azattyq Rýhy ақпараттық агенттігінің тілшісіне жұдырық ала жүгірді. Бұл оқиға қоғам белсендісі өткізген баспасөз конференциясында орын алды. Баспасөз жиынына келген...

Жамбыл облысының тұрғыны құмда жылыжай салып, қияр өсіруде

Жамбыл облысындағы ең шалғай Мойынқұм ауданының тұрғыны Исағали Жұмағанбетов жылыжай салып, кәсіптің жаңа түріне ден қойды. Ол, ауа райы ыстық, жер қыртысы шөлейіт пен...

Мораторийге қарамастан кәсіпкерлік субъектілерін заңсыз тексерген

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап елімізде профилактикалық бақылау мен қадағалауды шағын кәсіпкерлікті тексеру жүргізуге мораторий енгізілді. Ел Президенті бұл туралы Жарлыққа 2019 жылдың 26 желтоқсанында...

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз хатшысы тағайындалды

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз хатшысы қызметіне белгілі журналист Жанжігіт Омархан тағайындалды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. Жанжігіт Омархан Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің...

Тоқаевтың тапсырмасымен жүргізілген тексерістен соң екі әкім қызметінен кетіп, бес әкім ескерту алды

Мемлекет басшысы биылғы 24 мамырда «Казахстанская правда» газетінде жарияланған «Заложники равнодушия» атты мақалада көтерілген мәселе бойынша тексеру жұмыстарын жүргізуге тапсырма берген еді. Мақалада Солтүстік...

Маймыл үшін оқ атқан: Түркістан облысында маймыл иесі жауапқа тартылмақ

Түркістан облысында көлігіне маймыл салып алып жүрген азамат жауапқа тартылуы мүмкін. Түркістан облысының полицейлері әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу кезінде, «Instagram» парақшаларының бірінде жол жиегіндегі электр...

Ашық аспан астындағы кітапхана

Байқоңыр ауданы әкімдігі мен Қазақстан Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының бірлесіп, Қаламгерлер аллеясында «Ашық аспан астындағы кітапхана» шарасын өткізді. Қаламгерлердің оқырмандармен кездесу кешін халықаралық «Алаш»...

Бас санитар қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның Бас мемлекеттік санитар дәрігері - Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Ерлан Қиясов азаматтарды коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға шақырды. «Вакциналау деңгейі өте төмен елдерде вирус...

Шетелдік азаматтар мен этникалық қазақтардың заңдық статусы нақты белгіленуі қажет

Өткен айда Қазақстандағы шетел азаматтары ел аумағында жүріп-тұру құқығын байланысты  Қазақстан ҰҚК Шекара қызметінің шекаралық бақылау департаменті басшысының орынбасары Мұңдаш Моллашев мәлімдеме жасаған болатын. –...

«Мектеп бітірмей жатып қылмыскер болып шықты». Түлектердің орнына ҰБТ-ға кірмек болған студенттер анықталды

ҰБТ-да төрт түлектің орнына кірмек болған ЖОО студенттері ұсталды. «Әділдік жолы» атты республикалық қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Дидар Смағұлов жалған құжат жасаған түлектер мен...

150 түп ағашты кесуге рұқсат берген әкімдік қызметкерлері қандай жаза арқалайды?

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Алматы облысы Іле ауданында 150 ағашты кесуге рұқсат берген әкімдік қызметкерлері туралы мәселе көтерілді. «Алматы облысы Іле ауданы әкімдігінің жауапты...

Мемлекет басшысы «ЛУКОЙЛ» мұнай компаниясының президентін қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «ЛУКОЙЛ» мұнай компаниясының президенті Вагит Алекперовті қабылдады, – деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты. Мемлекет басшысына мұнай компаниясының Қазақстандағы қазіргі жүргізіп...

Мәулен Әшімбаев Түркия елшісін қабылдады

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Түркияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уфук Екиджиді қабылдады, деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі. Кездесу барысында тараптар сауда, экономика,...

82 млрд теңгеге 2 млрд тал егіледі – Экология министрлігі

2025 жылға дейін ел аумағында 2 млрд тал егу жоспарланған. Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекованың айтуынша, бұл іске бюджеттен жалпы жиыны...

Қазақстанның вакцина паспорты қай елдерде жарамды?

Қазір Қазақстанның вакцина паспорты 3 елге турист ретінде кіруге жарамды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков орталық коммуникациялар қызметінде өткен...

Машина жасаушылар одағының төрағасы Президенттің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды

Мейрам Пішембаев Президентінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлады Қазақстан машина жасаушылар одағы. "Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Қазақстан машина жасаушылар одағының...

Әбілхан Қастеевтің немересі: Атамның туындыларымен менде тылсым паралель бар

Ұлтымыздың ұлы тұлғаларының бірі, қылқалам шебері Әбілхан Қастеевті бүгін ұрпағы ерекше сағынышпен еске алды.Шығармашылық қадамын су бояуымен бастаған суретшінің әр картинасынан ұлттың үні, болмысы...

Қаржы саласындағы барлық қызмет электронды форматқа көшірілмек

Барлық қызмет түрі электронды форматқа көшіріледі. Бұл туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Ведомствоның құрылымына тоқталсам, қазір Қаржы министрлігінің штат саны -...

Премьер-Министр құрылыс қалдықтарына арналған полигондар салуды тапсырды

Премьер-Министр Асқар Мамин құрылыс қалдықтарына арналған полигондар салуды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Өңірлерде рұқсатсыз қоқыс үйінділерінің, соның ішінде, құрылыс қоқыстарының пайда болу себептерінің бірі –...

«Үздік аттестатты саудалаған». Шымкентте былтыр істі болған директор қайтадан бұрынғы қызметіне тағайындалды

Шымкентте №125 мектепте бір жыл бұрын сыбайлас жемқорлық бойынша үстінен іс қозғалған директор бұрынғы қызметіне тағайындалған, деп хабарлайды informburo. Ата-аналар мен мұғалімдердің айтуынша, оқушылар мен...

«Соғыспайтынымызға кім кепіл?» – Лукашенко халыққа жаппай қару қолдануды үйретуді тапсырды

Беларусь Президенті Александр Лукашенко ел халқын қару-жарақ қолдану дағдыларына үйрету керек деп санайды. Ол мұны студенттерден бастаған жөн екенін айтты. Лукашенко өзінің бастамасын "әлем...

Үндістанда муссон нөсерінің салдарынан көліктер жер астына кетіп жатыр (видео)

Үндістанда толассыз жауған муссон нөсерінің салдарынан көліктер жер астына кетіп жатыр. Бұл туралы India Today жазады. Оқиға 13 маусымда Гаткопар ауданында болған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша,...

Шетел блогерлерін шақыруға 26 миллион бөлінген – Алматы әкімдігі себебін түсіндірді

Алматы әкімінің орынбасары Ілияс Өсеров әкімдіктің шетел блогерлерінің келуіне 26 миллион теңге бөлу туралы шешімін түсіндірді. Бұл туралы Orda.kz хабарлады. Өсеров мұны аймақтың туризміне инвестиция деп...

Өткен тәулікте 757 адамнан коронавирус анықталды

Елімізде өткен тәулікте 757 адамнан коронавирус анықталды. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 181, Алматы қаласы - 65, Шымкент қаласы - 4, Ақмола облысы - 36,...

Новосібірде жарылыс болды: Зардап шеккендер бар

Новосібірде газ құятын станцияда жарылыс болды. Зардап шеккендердің саны 35 адамға жетті. Бұл туралы ТАСС Төтенше жағдайлар қызметі хабарлады. "Барлығы 35 адам зардап шекті, олардың 20-сын...

Атырауда жоғалған төрт бала табылды

Атырауда жоғалған балаларды  Ұлттық ұланның сарбаздары тауып, ата-аналарына табыстады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. 13 маусым күні сағат 22:30-да Атырау қалалық Жедел басқару орталығына екі баланың анасы...

15 маусымда тарихта қалған қандай оқиғалар болды?

1993 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Үндістан Республикасында Қазақстан Елшілігі ашылды. 1996 жылы Абай шығармаларының жинағы Иранда парсы тілінде басылып шықты. 1996 жылы Қазақстан...

17 жастағы қазақстандық боксшы әлемдік рейтингте Жәнібек пен Батырдан асып түсті

Жеңіл салмақтағы қазақстандық боксшы Еркебұлан Баққожа (3-0, 2 КО) Box.Rec тұжырымынша ең мықты проспект атанды. Ол үш жекпе-жектен кейін-ақ ең үздік бес боксшының тізіміне...

Петропавлда қызын өлгенше сабаған әйелдің ісі бойынша сот отырысы басталды

Петропавлда қызын өлгенше сабаған әйелге қатысты сот отырысы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. СҚО-ның кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында халық арасында резонанс тудырған...

Еліміздегі су тапшылығы мәселесін шешуге Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан көмектеспек

Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан биылғы жазда елімізге қосымша 645 миллион текше метр су жібереді. Бұл оңтүстік аймақтардағы су тапшылығы мәселесін шешуге көмектеседі. Бұл туралы...

Министр Серік Шәпкенов наразылық білдіре келген көпбалалы аналармен неге жүздеспейтінін айтты

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов митингіге шығатын көпбалалы аналармен неге жүздеспейтінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Иә, министрліктің алдына азаматтар келеді, өздерінің...

«Посткеңестік елдердің ішінде қазақстандық сот жүйесі үздіктер қатарында» – шетелдік маман

Маусым айының бас кезінде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдардың басшылары үшін алғаш рет брифинг өткізді. Осы кездесуде «бірегей» деген сөз...

Ақтөбеде қаржы пирамидасын құрғандар бас бостандығынан айырылды

Ақтөбеде жалған акция сатқан қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары сотталды, деп хабарлайды Orda.kz Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасай отырып. Қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар өздерін «Unique finance» шетелдік компаниясының өкілдері...

«39 әйел, 89 бала және 36 немересі қалды». Әлемдегі ең үлкен отбасының отағасы қайтыс болды

Үндістанның Мизорам штатындағы әлемдегі ең үлкен отбасының отағасы, 76 жастағы ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл туралы штаттың Бас министрі Twitter-дегі парақшасында хабарлады. Зиона...

«Тура боевик фильмдегідей»: Ақтауда газель жарылды (видео)

Жеңіл автокөлік үздіксіз ағылып жататын Ақтау – Таушық тас жолында "Газель" отқа оранды. Куәгерлер бұл оқиғаны видеоға түсіріп, оны әлеуметтік желіге жариялады. Өрт сөндірушілер келгенге...

БҒМ: 2021 жылы студенттердің шәкіртақысы 20 пайызға артады

2021 жылы студенттердің шәкіртақысы 20 пайызға артады. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі facebook-тегі парақшасында хабарлады. Биыл грантқа түсуді жоспарлап отырған немесе мемлекет есебінен жоғары...

Даниал Ахметов өзіне қысым көрсетіліп жатқанын айтты

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Семей кәсіпкерлерінің шағымына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды sputnik.kz. "Бұл билікке және маған қысым көрсету арқылы негізсіз субсидия бөлуге...

40 градустық аптап ыстық болады – синоптиктердің болжамы

Еліміздің кей аймақтарында 40 градустық аптап ыстық болады. Қазгидромет синоптиктері 15-17 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Метеорологтардың мәліметінше, атмосфералық фронталды бөліктердің...

Әр балаға 42 500 теңге жәрдемақы төлене ме? – Министр пікір айтты

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов есеп беру кездесуінде әр балаға 42 500 теңгеден төлеу туралы сұрақ кейінгі кезде жиі қойылып жүргенін...

Жаңа оқу жылында оқушылардың демалысы қысқаруы мүмкін

Білім және ғылым министрлігі орта білім беру ұйымдарында 2021-2022 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және демалысын бекіту туралы бұйрықтың жобасын талқылауға шығарды, деп хабарлайды zakon.kz. Жобаға...

Еліміздің 6 өңірінде қоқыс өртейтін зауыт салынады

Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев халық алдындағы есептік кездесуінде айтты. «Түзілетін қалдықтардың көлемін қысқарту үшін «Waste to Energy» қалдықтарды энергетикалық...

«Кешір, анашым… Әр күнім азапқа толы болды»: өзіне қол жұмсаған бойжеткен анасы хат қалдырған

Москва-Сити тұрғын үй кешенінің 86 қабатынан құлап, мерт болған Қазақстанның тумасы Диана Белорукова VK әлеуметтік желісінде өлер алдында өзінің жағдайын айтып, анасымен қоштасқан.  Бойжеткен небәрі...

Коронавирусқа қарсы вакцинаның 60 миллион дозасы жойылады. Неліктен?

АҚШ-тағы Азық-түлік және дәрі-дәрмектер басқармасы (FDA) америкалық Johnson & Johnson коронавирусқа қарcы вакцина өндірушісінің Балтимор зауытындағы қателігіне байланысты препараттың 60 миллион дозасын жою керегін...

Шетелдік оқу орындарындағы қазақ тілін оқыту жоғары мәртебеге ие

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде «Шетелдік оқу орындарындағы қазақ тілін оқыту мен қандастарымыздың ана тілінде білім алуы» тақырыбында онлайн конференция өтті. ⠀ Шараның негізгі мақсаты - шетелдегі...

Матч кезінде жүрегі тоқтап құлаған футболист жағдайын айтты

Еуропа чемпионатының матчінде жүрегі тоқтап құлаған 29 жастағы ойыншысы Кристиан Эриксен жағдайы туралы айтты, – деп жазды «Чемпионат» басылымы. «Бәріне рақмет, мен берілмеймін. Қазір жағдайым...

Алматыда полицей көлігі жаяу жүргіншіні қағып, мерт қылды

Қайғылы оқиға 14 маусым таңғы 7:00 шамасында болған. Алатау ауданында «Хюндай элантра» маркалы қызметтік көлігінің жүргізушісі Өтемісұлы көшесімен жүріп келе жатып маневр жасаған көліктен...

COVID-19: Вакцинаның бірінші дозасын алып, ауырып қалсаңыз не істеу қажет?

№12 қалалық емхананың эпидемиологы Данара Укиеваның айтуынша, вакцинаның бірінші дозасын алған науқас ауырып қалса, екіншісін салдыру үшін алты ай күту қажет. «Егер антиденелер саны...

Коронавирус: «қызыл» аймақта бір өңір қалды

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы 2021 жылғы 14 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады....

Атырауда халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

Атырау облысы полиция департаментінің мәліметінше, Атырау қаласының көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген Өзбекстан азаматын ұстады. Ол қалада уақытша тұру үшін тіркелгісі келген....

Өткен тәулікте мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды

Қазақстанда өткен тәулікте 967 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, – деп хабарлайды coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 215, Алматы қаласы - 96, Шымкент қаласы -...

14 маусым: атаулы күндер мен маңызды оқиғалар күнтізбесі

1995 жылы Алматыда Ғалымдар үйінде Қаныш Сәтбаев атындағы халықаралық қордың ашылу салтанаты болды. Қор президенті болып ақын Кәкімбек Салықов сайланды. 2007 жылы Сырым Датұлының...

Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

14 маусым күні Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен құбылмалы ауа райы сақталады: кей жерлерде найзағай, жаңбыр, бұршақ күтіледі. Еліміздің тек солтүстігі...

Венгрия, Таиланд және Моңғолия азаматтары Қазақстанға емін-еркін кіре алады

Бүгіннен бастап Венгрия, Таиланд пен Моңғолияда вакцина алғандар Қазақстанға емін-еркін кіре алады, деп хабарлайды inbusiness.kz. Бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес, “Қазақстан Республикасының аумағында Венгрия, Таиландия...

Қазақстан мұсылмандары қажылыққа бара ала ма?

Биыл Сауд Арабиясында тұратын 60 мың мұсылман ғана қажылық жасай алады, деп хабарлайды РИА Новости корольдіктің қажылық және умра істері министрлігінің өкіліне сілтеме жасап. "Қажылық және умра...

Қазақстанның құрметті құрылысшысы Ұзақбай Мамин дүниеден өтті

Премьер-Министр Асқар Маминнің әкесі, Еңбек ардагері, Қазақстанның құрметті құрылысшысы және Ақмола облысының құрметті азаматы Ұзақбай Жапарұлы Мамин дүниеден өтті, - деп хабарлайды Sputnik.kz. Ұзақбай Мамин...

EURO-2020: Англия құрамасы турнирді жеңіспен бастады

Англия құрамасы футболдан Еуропа чемпионатының топтық кезеңінде әлемнің вице-чемпионы Хорватиядан басым түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Лондондағы "Уэмбли" стадионында өткен матчтің 6-минутында ағылшындар есеп ашуға жақын...

Мемлекет басшысы Моңғолияның жаңадан сайланған президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ухнаагийн Хүрэлсүхтің Моңғолия Президенті болып сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Akorda.kz. “Ciздi Моңғолияның Президенті лауазымына сайлануыңызбен Қазақстан халқының және...

Еліміздің 10 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Синоптиктер Шығыс және Батыс Қазақстан облыстары, Ақмола, Түркістан, Маңғыстау және Ақтөбе аймағында найзағай ойнайды деп болжап отыр. Ал Қызылордада шаңды дауыл көтеріледі. Сондай-ақ бұл аймақта...

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан тағы 14 адам қайтыс болды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус пен пневмониядан өткен тәулікте қайтыс болған адамдар туралы мәлімет таратты. Қазақстанда 13 маусымдағы жағдай бойынша, бір тәулікте 14 адам...

Димаш Денис Тенді еске алды: «Ұйқың тыныш болсын, менің аңыз досым!»

Бүгін қазақстандық атақты мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің туған күні. Димаш Құдайберген осы күнге орай Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында марқұм спортшы жайлы жазды. «Бүгін біздің...

Қазақстанда коронавирусқа шалдыққан 528 науқастың жағдайы ауыр

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастар туралы мәлімет ұсынды. Елімізде коронавирус инфекциясынан 21 413 адам (20 281 КВИ+ және 1132 КВИ-) емделуде, олардың...

Кадрлық ауыс-түйіс: Қазақстанда апта ішінде болған тағайындаулар

Осы аптада,  7-13 маусым аралығында еліміздің Жоғарғы сотында, министрліктерде және өңірлерде бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болды,  деп хабарлайды ҚазАқпарат. Апта басында Денис Шипп Қазақстан Республикасы...

Ғарышқа ұшу билеті аукционда 28 млн. долларға сатылды

Amazon компаниясының негізін қалаушы Джефф Безоспен бірге ғарышқа ұшу билеті 28 миллион долларға сатылды, деп жазды ҚазАқпарат. Бәссаудаға қатысуға 159 елден 7600-ге жуық адам...

Астананың екі тұрғыны көшеде әйелдердің алқасын жұлып әкетіп отырған

Нұр-Сұлтан қаласының тәртіп сақшылары бірнеше мәрте ұрлық жасаған екі ер адамды ұстады. Олар кешкі уақытта әйелдерді аңдып, алтын алқаларын жұлып әкетіп отырған, деп хабарлайды...

Түркістан облысында жоғалған туристер: тағы бір адамның мәйіті табылды

Түркістан облысында жоғалған туристердің бірінің мәйіті Сайрам-Өгем шатқалынан табылды. «2021 жылғы 12 маусымда Өгем өзені көпірінің сол жағынан Азартеке жотасына дейінгі бағытты тексеру барысында Республикалық...

Мөлдір Жаңбырбай Олимпиада ойындарына лицензия жеңіп алды

Каратеден Қазақстан құрамасының мүшесі Мөлдір Жаңбырбай ел қоржынына кезекті жолдаманы салды,– деп хабарлайды Olympic.kz. Ол Парижде өтіп жатқан лицензиялық додада күміс жүлдегер атанды. 55 келіге...

Жыл басынан бері Қазақстанда қылмыс 2,5 пайызға азайды – министр

Жыл басынан бері елдегі қылмыс 2,5 пайызға азайды. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді.  – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының нақты тапсырмасы бар. Әрбір...

Қарағанды облысында шетел азаматының телефонын тартып алған күдікті ұсталды

Қарағанды облысында шетелдіктің телефонын тартып алған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 10 маусым күні Қарағанды облысы, Саран қалалық полиция бөліміне қаладағы көп қабатты...

2021 жылы білім беру гранттарының саны 5 мыңға артады

2021 жылы білім беру гранттарының саны 5 мыңға артады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Білім және ғылым...

Министр боксшыларға: Қазақ бокс мектебі әлем мойындаған мықтылар ордасы екенін тағы да паш еттіңіздер

Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова 21-31 мамыр аралығында Біріккен Араб Əмірлігінің Дубай қаласында өткен бокстан Азия чемпионатында жеңіске жеткен жəне жүлдегер...

Шымкент тұрғыны 5 миллион теңгеге 380 тонна күріш алып, ақшасын төлемей кеткен

Шымкентте алаяқ тұрғынның бес миллион теңгеге күрішін иемденіп кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz. Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған....

Қазақстанда бір тәулік ішінде 1118 адам вирус жұқтырды

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1118 жағдай тіркелді. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 400 214-ке жетті. Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласы - 286, Алматы қаласы...

Елімізде электросамокатпен жүруге шектеу қойылуы мүмкін

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев 11 маусымда халыққа есеп беру жиынында елде электросамокатпен жүруге шектеу қойылуы мүмкін екенін айтты. «Жол қозғалысы туралы заңда самокат...

Биыл студенттердің, магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы өседі – министр

2021 жылы студенттердің шәкіртақысы 20 пайызға, магистранттар мен докторанттардың стипендиясы 15 пайызға өседі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте...

Біз мектеп түлектерінің тілектеріне түсіністікпен қарадық – Асхат Аймағамбетов

Еліміздің 11-сынып түлектеріне арналған аттестаттарды тапсыру салтанаты 12-14 маусым аралығында өтеді. Іс-шара ашық алаңда өткізіледі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің...

Енді автобус жолақтары кептеліс кезінде ғана қоғамдық көлікке арналады

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қазақстан жолдарындағы Bus lane жолақтарының қалай жұмыс істейтінін айтты. Ол бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен жиында баяндады. «Кейбір көшелерде...

Аймағамбетов күзде мектептер ашылады деп үміттенеді

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жаңа оқу жылында мектептерді ашу жөнінде пікір білдірді. Бұл жөнінде ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты. «Ең...

Демалыс күндері ауа райы қандай болады – Қазгидромет

Қазақстанда демалыс күндері күн суытады. «Қазгидромет» синоптиктері 12-14 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Метеорологтардың айтуынша, Қазақстанның оңтүстік аймақтарында жылы және құрғақ ауа массалары ауа...

Машинист жағымсыз иіс сезген: Алматыда теміржол маңынан ер адамның мәйіті табылды

Түрксіб ауданында теміржол маңынан ер адамның мәйіті табылды. Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, Локомотив машинисі жағымсыз иіске шағымданған. «Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері бұталардың арасынан ер...

Түркістан облысында жоғалған туристерді іздеу жұмысы: ТЖМ жаңа мәлімет берді

Кинологиялық есепті қоса алғанда 10 адамнан тұратын республикалық жедел-құтқару жасағының (РЖҚЖ) жеке құрамы, Түркістан облысының тауларында іздестіру-құтқару жұмысын жалғастыруда. 10 маусым күні Өгем арнасының бойындағы...

Хабарсыз кетіп, қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің сүйегі туыстарына тапсырылды

Елордадағы Қазақстан Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Ұлы Отан соғысындағы ұрыс алаңдарында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің туыстарының қатысуымен іс-шара өтті. Іздестіру топтарының жұмысының арқасында...

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі: Алматы бойынша жаңа басшы тағайындалды

Мұрат Ахметов ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы болып тағайындалды. Жаңа басшыны ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат...

Илон Маск Қазақстанға сәлем жолдады

Tesla және SpaceX компанияларының басшысы америкалық миллиардер Илон Маск Қазақстанға сәлем жолдады. Видеоны бизнесмен, блогер Бейбіт Әлібеков Telegram-арнасында жариялады. Илон Маск Tesla Motors қызмет көрсету...

«Грузия полициясымен тығыз байланыстамыз» – министр Әсел Айтпаеваның өлімі туралы

ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев 26 жастағы Әсел Айтпаеваның Грузияда қаза болуы жөнінде пікір білдірді. «Осы қылмыстық іс бойынша бізде бірқатар тергеу жұмысы жүргізіліп,...

«Ештеңе айта алмаймын»: министр Аяжан Еділованың өліміне қатысты пікір білдіре алмады

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев алматылық 19 жастағы Аяжан Еділованың өліміне қатысты пікір білдірді. «Бұл тергеудің егжей-тегжейін айта алмаймын, себебі іс Алматы қаласының арнайы прокурорларының...

«Жұлдызбен бір сахнада» жобасының жаңа концерті өтті

«Жұлдызбен бір сахнада» атты жаңа жобаның үшінші концертін «Qazaq Quintet» өнер ұжымы ұсынды. Қазақконцерттің 60-шы мерейтойлық маусымына арналған бұл концерт көрермен қауымның зор ықыласына...

Полицейлер жаңа форма киеді – министр

Жыл соңына қарай Қазақстандағы патрульдік полицейлер мен учаскелік инспекторлар жаңа формаға ауысады. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты. «Жыл соңында көшеде қызмет...

Хабиб Нурмагомедов Алматыға келеді

UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов Алматыға келеді. Ол аралас жекпе-жектен өтетін халықаралық турнирдің қонағы болады. Іс-шара 18 маусымда «Almaty Arena» кешенінде өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде Шамиль...

Әлем картасында бесінші мұхит пайда болады

Ұлттық географиялық қоғам Атлант, Тынық, Үнді және Солтүстік Мұзды мұхиттардан кейінгі бесінші жаһандық мұхит – Оңтүстік мұхитты ресми түрде жариялады, деп хабарлайды National Geographic. Бұл...

Бір адам мерт болды: жамбылдық азамат өзіне оқ атқандарды көлігімен қуған

Жамбыл облысында ер адам өзіне оқ атқандардың артынан көлікпен қуып, жол апатын жасады. Бір адам қаза болды. 9 маусым күні кешке Меркі аудандық полиция бөліміне...

Түркістан облысында көшеде қару ұстап жүрген ер адам ұсталды

Түркістан облысында көшеде жүрген ер адамнан қару табылды. Оқиға Келес ауданында болған. Аудандық полиция бөлімінің жедел уәкілі Рамазан Шалқар «Қару» рейді аясындағы кезекшілігі барысында автотұрақтардың...