«Bilimland»-тың берері мол

«Bilimland»-тың берері мол

«Bilimland»-тың берері мол
ашық дереккөзі
Бүгінде «Жамбыл облысының инвесторларға қызмет көрсету, жобалық басқару және цифрландыру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі облыстық білім беру басқармасымен бірлесе жұмыс істеп, жоспарланған межені 100 пайызға жүзеге асырды. Мәселен, «Bilimland» цифрлық білім беру ресурстары порталына 446 мектеп қосылса, оның ішінде 427 мектеп онлайн және 19 мектеп офлайн тәсілінде білім беру ресурстары порталына енген. Ал ондағы аккаунт саны 19173, оның 18 928-і, яғни 98,35 пайызы белсенді. Айта кетейік, «Bilimland» порталындағы видеолар 8044 сабақ кірушілер тарапынан қаралса, «Twig» порталындағы 244 видео да оқушылардың қажетіне жараған. Ал «iTest» порталында 10359 тест, «iMektep» порталында 11083 бастауыш сыныптарға арналған сабақтарға кіретіндер саны көп. Жалпы, бұл жоба қазіргі технология мен білім беруді ұштастырып, ұстазға да, оқушыға да тиімді көмекші құрал болып үлгерді. Мәселен, мұнда бастауыш мектеп бағдарламасын толық қамтитын танымдық анимациялық сабақтар мен оны бекітуге көмектесетін жүздеген ойын түріндегі тапсырма жетерлік. «BilimLand» – мектеп бағдарламасына арналған ең бай интерактивті сабақтар қоры. Сабақтар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қолжетімді. Ал «iTest» – ҰБТ-ға дайындайтын виртуалды жаттығу алаңында 13 пән, 15 мыңға тарта тест сұрақтары бар. Барлық мобильді құралдарда жұмыс істейді. Өткен жылы өңірде 150 мектеп «Күнделік» жүйесіне қосылса, биыл бұл көрсеткіш 437-ге жетіп отыр. Жүйеге жалпы 395 9461 пайдаланушы тіркелген. Қала мен ауыл мектептері арасындағы білім деңгейінің алшақтығын жою және мұғалімдердің электрондық ресурстарды, «Күнделік» жүйесін пайдалануына жағдай жасау мақсатында мектептерді жоғарғы жылдамдықтағы интернет, ішкі сымсыз Wi-Fi желісімен және оқу кабинеттерін компьютерлік техникалармен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. 446 мектеп интернет желісіне қосылған, оның ішінде 416 мектеп 4 мегабит/секундтан жоғары жылдамдықта; ішкі сымсыз Wi-Fi желісімен 85,2 пайыз мектеп жарақтандырылды. Сонымен қатар, 41 мектепке ішкі сымсыз Wi-Fi желісі тартылуда. Ағымдағы жылдың соңына дейін мектептерді Wi-Fi желісімен қамту межесі – 93 пайыз. Облыс мектептері оқу үдерісінде пайдаланатын 24 244 дана компьютермен жабдықталды. 10 908 оқу кабинетінің 7145-і компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген.