ТҮРКІСТАНДА ТУРИСТЕР САНЫ АРТАДЫ

ТҮРКІСТАНДА ТУРИСТЕР САНЫ АРТАДЫ

ТҮРКІСТАНДА ТУРИСТЕР САНЫ АРТАДЫ
ашық дереккөзі
614
Жуырда Түркістан мен Алматы қаласының арасында жүрдек пойыз бағыты ашылады. Бұл туралы Түркістан облыс әкімдігінде өткен кездесуде  белгілі болды. Өңірге келген «Тұран экспресс» компаниясы мен «Тұран.тв» телеарнасының бас директоры Роман Ботабеков өңірдің туризмін дамытуға үлес қосатынын айтты. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевпен болған кездесуде: «Түркістанның облыс орталығы атанғанын қуанышпен қабылдадым. Өзім Кентауда туып-өскенмін. Сондықтан туған жерге қызмет етуге, туристік әлеуетін көтеруге үлесімді қоссам деген ниетпен келіп отырмын. Қараша айынан бастап Алматы мен Түркістан қалалары арасында туристік пойыз бағытын ашпақшымыз. Екіншіден, өзім басқаратын «Тұран.тв» телеарнасы арқылы Түркістан облысы мен Түркістан қаласының көрікті, шежірелі орындары туралы бейнематериалдар, репортаждар, фильмдер әзірлейміз. Осы жұмыстарымыз арқылы Түркістанның туризмін дамытуға үлес қосамыз деген ойдамын. Себебі, қазір саяхатшыларға керегі - жайлы көлік пен қолжетімді ақпарат», ‒ деді Роман Ботабеков. Аталған пойыз Алматыдан жұма күні шығып, жексенбі күні кері қайтады. Саяхатшы жолаушылар қонақүй іздемей, осы пойызда тынығып, Түркістанды екі күн аралайды. Әзірше бұл пойыз аптасына 4 рет жүргізілсе, келешекте күн сайын сапарға шығады деген жоспар бар.

Серіктес жаңалықтары