СЕЛФИ СӘН ЕМЕС

Үндістан, Ресей және АҚШ селфи кезіндегі оқыс оқиғалар салдарынан қаза тапқандар саны бойынша көш бастап тұр. Аталған мәліметтерді «Journal of Family Medicine and Primary Care» басылымы жариялады. Бүкілүндістан медицина ғылымдары институтының маманы осы тақырыпта арнайы баяндама әзірлеген. Ол 2011 жылдың қазанынан 2017 жылдың қарашасына дейін әлемде 259 адамның селфи түсіріп жатып, мерт болғанын анықтаған. Үндістанда осы кезеңде 159 адам қаза тапқан. Одан кейінгі орындарда осы көрсеткіш бойынша Ресей, АҚШ және Пәкістан тұр. Баяндамада аталып өтілгендей, әлемдегі көз жұмғандардың басым бөлігінің, яғнм 72 пайызы ‒ жасы 30 дан төмен ер адамдар. Әйелдер ерлерге қарағанда көп селфи жасағанымен, олар қауіп-қатерге бой алдырмайды. Мысалы, шың басында немесе мұнараның ең биік төбесінде суретке түсе бермейді. Баяндаманың авторы селфиге тыйым салынған орындарды ұйымдастыруға шақырды.

Back to top button