ПОШТАШЫ ДРОН ҰШАДЫ

ПОШТАШЫ ДРОН ҰШАДЫ

ПОШТАШЫ ДРОН ҰШАДЫ
ашық дереккөзі
Қызылорда облысы келер жылдан бастап пошта қызметіне дрондарды пайдалануды жоспарлап отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында «Қазпошта» АҚ Қызылорда филиалының директоры Аида Әбибуллаева мәлімдеді. Аталған дронмен тез арада жетуі тиіс қажетті заттарды алыс-шалғай жерлерге жеткізу жоспарланып отыр. «Бүгінде Қарағанды, Астана, Алматы облыстары дрондар арқылы пошта сәлемдемелерін жеткізуде. Дрон 500 км қашықтыққа дейін ұшады. Ол тек газет-журналдар ғана емес, сондай-ақ, салмағы 5 келіге дейінгі шағын сәлемдемелерді де жеткізуге қабілетті. Хат-хабарды автокөлікпен тасымалдауға шамамен 4 сағат уақыт жұмсалса, бұл аралықты дрон бар-жоғы 40 минутта еркін еңсереді. Ең бастысы үнемді әрі қолайлы мұндай дрондарды 2019 жылы іске қосу жоспарланып отыр», ‒ деді А.Әбибуллаева.