М.Әуезов театры 15-қазан жаңа маусымын ашады

М.Әуезов театры 15-қазан жаңа маусымын ашады

М.Әуезов театры 15-қазан жаңа маусымын ашады
ашық дереккөзі
536

Қазақтың Мемлекеттік М.Әуезов атындағы академиялық драма театры  90-шы маусымын ашады.  Жаңа маусым репертуарларының көшін М.Әуезовтің  «Абай»  трагедиясы бастайды.

Салтантты ашылуда театр ұжымы журналистерге арнап арнайы  Баспасөз мәслихатын өткізебекші. Сонымен қатар, театрдың  90-жылдығына арналған музейіндегі экспанаттарға арнайы экскурсияда ұйымдастырылады.


М.Әуезовтің  «Абай» трагедиясы

Ұлы Абай... Шығармашылық тұлғасы өз алдына, ел ортасындағы, өз шәкірттері ортасындағы жақсыны көре-тани білген, ғашықтықты бағалай, әр шәкіртіне нағыз ұстаз бола білген адами тыныс-тіршілігі, сонымен қатар зұлымдық пен алысқан соқтықпалы, соқпақты өмірі. Жаңа заманның, өркениеттің бастауы болған, қоғамдық сананың ілгерілеуіне қызмет еткен Абай болмысы. Режиссер Абайдың творчествосындағы ән творчествосы философиялық творчествосына көп көңіл бөлген. Абайдың бір философиялық өлеңінің өзі , бір әнінің өзі философиялық уақыт пен адам тағдырына алып келеді. Абайдың ақындық, композиторлық шығармашылығы және сүйемелдік қасиеті , жақсыны көре білетін, ғашықтықты бағалай білетін шәкірттеріне ұстаздық жасай білуін атап айтуға болады.

қоюшы-режиссер  -  Е.Обаев, ҚР халық артисі

Композиторы  - Ғ.Жұбанова, КСРО халық артисі

қоюшы-суретші -  Е. Тұяқов

                                      

Серіктес жаңалықтары