ҚАЗАҚ НАҚЫЛДАРЫ – ӨЗБЕК ТІЛІНДЕ

ҚАЗАҚ НАҚЫЛДАРЫ – ӨЗБЕК ТІЛІНДЕ

ҚАЗАҚ НАҚЫЛДАРЫ – ӨЗБЕК ТІЛІНДЕ
ашық дереккөзі
744
Жуырда Өзбекстан Жазушылар одағы екі бірдей туындының тұсауын кесті. Оның бірі жазушы Қалдыбек Сейдановтың Өзбекстандағы қазақ мектептеріне арнап жазған әдебиеттен 11-сынып оқулығы мен «Өмір өткелдері» деген кітабы, екіншісі қазақ мақал-мәтелдері мен Алдаркөсе жайлы аңыз әңгімелер өзбек тіліне аударылып, кітап болып шықты. Қазақ тілінен аударған Өзбекстан заң шығару палатасының депутаты Расул Көшербаев. Көрші елде тұратын қандасымыз халық ауыз әдебиетін студенттік кезден зерттеп, тіпті дипломдық жұмысын да осы тақырыпта қорғапты. «Қазақтың мақал-мәтелдерінің мағынасы терең және екі елге ортақ», – дейді депутат. Қазақ ауыз әдебиетінде ақылды айлакер ретінде танымал «Алдаркөсе» көрші елде «Әпенде Насредин» деген атаумен белгілі. Екі кейіпкер жайлы аңыз-әңгімеде ұқсастық бар. «Дегенмен Алдаркөсе қиын қыстау заманда айласын кәдеге асырып, қарапайым халыққа көбірек көмектескен», – дейді автор. Ол алдағы уақытта қазақ ертегілерін де өзбек тіліне аудармақ ниетте.

Серіктес жаңалықтары