Қазақстандықтар мемлекттік қызметкерлердің құзетсіздігіне наразы
Қазақстандықтар мемлекттік қызметкерлердің құзетсіздігіне наразы
Қазақстандықтар мемлекттік қызметкерлердің құзетсіздігіне наразы. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы жанындағы қоғамдық саясат институтының әлеуметтік зерттеуі анықтап отыр.
Өткен жылы республика бойынша азаматтар тарабынан мемлекеттік органдарға бағытталған 3,5 миллионнан астам арыз бен өтініш түскен. Оның 70 пайызы дер кезінде шешім тауыпқан. Ал партияның қоғамдық қабылдауына 85 мыңнан астам өтініш тіркеліпті. Арызданғандар қатарында тұрғын үй, жер телімдері, әлеуметтік төлемдер және жұмыссыздық, еңбек даулары бойыншада шағымдар бар. Арызданушылардың 42 пайызы мемлекеттік қызметкерлердің құзыретсіздігіне наразылық танытқан.
Мемлекеттік органдарға бағытталған арыздар арасында коммуналдық мәселе, білім беру саласындағы келеңсіздіктер жайлы да шағымданушылар да бар. Сондай-ақ, Астанда өткен партияның бақылау комитетінің отырысына қатсықан Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрлiгiнiң жауапты хатшысы Аида Құрманғалиева елімізде кәсіпорындардың 1000-ға жуық жұмысшының жалақысын бере алмай отырғандығын хабарлады. Кәсіпорындардың жұмысшыларға берешегі 100 млн теңгеге жуықтаған.
Министрлік өкілінің мәліметінше жалақысын ала алмай жүргендер қатары өткен жылы 13 мың адамды құраған. Бірақ қазір бұл көрсеткіш бір мыңға дейін азайыпты.