Өнегелі офицер

  Өнегелі офицер

  Өнегелі офицер
ашық дереккөзі
475
Жауынгер фольклорында «командир-туған әкем» деген әзіл-шыны аралас қалыптасқан сөз бар. Салыстырмалы түрде  алсақ, бұл сөздің жаны бар. Себебі, жеке құрамның барлық тірлігіне бірінші кезекте командир жауапты.  Ал «тірліктің» астарында денсаулық, тәрбие, жеке құрамды бар керектімен қамтамасыз ету де бар. Ең бастысы, осы тізімді жауынгерлік бағыттағы кәсіби шеберлік бастайды. Ал бұл өтте күрделі іс. Демек, командирдің бірінші міндеті де осы мәселені қамтиды. Жөн сілтеп, жол бастау, айналып келгенде тұлғалық тұрғыда қарамағындағыларға үлгі болу екінің бірінің пешенесіне  жазыла бермейді. Қуаныштысы сол, нағыз командир атанып жүргендер әскерімізде молынан кездеседі. Солардың бірі - Құрлық әскерлерінің Әскери институтының атыс дайындығы кафедрасының бастығы полковник Мәлік Ногайбеков мырза.  width= Әскери өмірде ең маңызды шаруа – ол әскери қызметшілердің тәртібі, тәрбиесі екендігі баршаға белгілі. Әскери азамат болғаннан соң қатаң тәртіпке бағынып, мойныңа түскен барша қиыншылықтарға шыдай білу – әскери тұлғаның бірінші ерекшілігі. Осы жауапты міндетті Мәлік Ногайбеков мырза үлкен абыроймен атқарып келе жатқан, болашақ офицерлерді тәрбиелеуші, әскери салада айтарлықтай орны бар тұлға. Бұл азаматтың курсанттарға берген үлгі-өнегесі көп, өз ісін жетік меңгеруі, тәлім-тәжірибиесі мол әскери азамат екендігі, отан сүйгіштік тәрбиеге ерекше көңіл бөлуі курсанттарды әрқашан жігерлендіре түседі. Полковник Мәлік Ногайбеков әскери институттымызда  офицерлік өнегелігімен ұжым арасында беделді. Өзінің қарапайымдылығы, еңбекқорлығы, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге талпынысы, қашанда ізденісте жүретіні және  әскери еңбек жолы –курсанттарға үлгі. Өзіне тапсырған қызмет саласына зор жауапкершілікпен қарайтын  полковник Ногайбеков  тәрбиелеп шығарған офицерлер Қазақстан Қарулы Күштерінде түрлі салада еңбек жолдарын абыроймен атқарып жүр.  width= Мәлік Ноғайбеков басқаратын атыс дайындығы кафедрасының жеке құрамы курсанттармен өткізілетін әр сабаққа үлкен жаупкершілікпен қарайды. Кафедраның оқытушы құрамы дәрістерін де, далалық оқу жаттығуларында да жоғары деңгейде  өткізе біледі. - «Жетістік қашанда көптің маңдай терімен келеді. Менің қол астымда өз ісінің нағыз майталмандары жұмыс жасайды, дейді полковник Ноғайбеков. Сол өз ісінің шеберлерін атап өтіп кетсем деп едім, олар Құрлық әскерлерінің Әскери институтының атыс дайындығы кафедрасының аға оқытушылары: полковниктер: Алескер Байтлесов; Анатолий Котвицский; Сергей Масюков; Петр Райчинец; подполковниктер: Аскар Майлыбаев;  Ельдос Мусаев; Павел Страшко. Келісімшарт қызметінің әскери қызметшілерінің де арасынан да суырылып алға шыққандарды атап өткеніміз артық болмас, ол сержанттар: Нурлан Ахметкерім; Анатолий Горбатов; Сая Курмангалиева және кіші сержант Динара Чиганбаева. Осы қарамағымдағы жеке құрам курсанттардың білімін арттыру мақсатында институт қабырғасында сыныптар мен  тренажерларда  теориялық  білім берсе, далалық оқу жаттығу кезінде болашақ офицерлердің теориялық білімдерін тәжірбие түрінде сапалы ұштастыра білетін кәсіпқойлар -деп атап өтті Мәлік Ноғайбекұлы. Мәлік Ноғайбековтің жары Нүргүл Ноғайбековада осы институтта әскери қызмет атқарады.  Осы аталмыш институтутың 3 курсанттық батальонының офицер психологы. 2 қыз, 1 ұл тәрбиелеп отырған тату да берекелі отбасының ұйтқысы.

Аида Бектурова ҚӘӘИ

Серіктес жаңалықтары