АРҚА ТӨСІНДЕ – «THE SPIRIT OF THE DANCE»

Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу аясында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі  «The Spirit of Tengri» жобасымен бірлесіп, әлемде теңдесі жоқ «The Spirit of the Dance» атты тамаша би шоуын өткізді. Осының арқасында «Қазақстан» орталық концерт залында әлемнің маңдайалды өнер майталмандары бас қосуға мүмкіндік тапты. Ұйымдастырушылар мұндай жобалар бізге көптеп керек дейді. Себебі «The Spirit of the Dance» – әлемде теңдессіз  мультимедиялық шоу, музыкалық және би сахнасындағы әлемдік деңгейдегі жұлдыздар қатысуымен өтетін ғажайып перфоманс. Заманауи электрондық музыканың этникалық нақыштары және бидің айрықша синтезінен құралған бұл жоба келушілердің де көңілінен шыққандай. Әлемнің 7 елінен келген музыканттар, бишілер және диджейлер бар өнерлерін ортаға салды. Әртүрлі музыкамен және би бағыттарының өкілдерін біріктіру бұл шараның басты мақсаты болған. 3 сағаттан астам уақытқа созылған шоуда Үндістан, Латвия, Канада, Грузия, Өзбекстан, Ирландия мен Қазақстанның танымал тұлғалары өнер көрсетті.

Back to top button