Сауда соғысы үдеп барады

Сауда соғысы үдеп барады

Сауда соғысы үдеп барады
ашық дереккөзі
513
Мұхиттың арғы жағында орналасса да, бергі беттегі елдердің тыныс-тіршілігіне өз ықпалын тигізетін АҚШ тағы бір санкцияның шетін шығарды. Ел президенті Дональд Трамп құны 267 миллиард доллар тұратын Қытай тауарларына қатысты қосымша салық енгізу туралы шешімге қол қойды. Енді ол 24 қыркүйектен бастап күшіне енеді. Бірақ осы айдың 27-28 күндері Вашингтонда Қытаймен келіссөздер өтуі тиіс. The Wall Street Journal басылымының мәліметінше, АҚШ әкімшілігі 10 пайыздық баж салығын енгізбек. Мұның алдында салық көлемі 25 пайыз деп хабарланған еді. Алыптар арасындағы «алыс-беріс» көпшілікті таңырқата қоймас. Өйткені бұл елдердің бір-біріне тіс қайрап келе жатқанына біраз уақыт болды. Ресми ақпарат көздерінің айтуынша, Қытай билігі өз жерінде жұмыс істейтін американдық компаниялардан технологияларын қытайлық серіктестеріне беруді талап еткен. Бірақ Вашингтон бұл тәжірибеге түбегейлі қарсы. Осыған дейін АҚШ әкімшілігі құны 50 миллиард долларды құрайтын Қытай тауарларына 25 пайыздық салық салған болатын. Ал Қытай болса, АҚШ санкцияларына қарсы санкциямен жауап беріп келеді. Әлемдік саясат пен экономиканы зерделеген сарапшылар «Осы жолы Пекин үшін қиын тиеді. Себебі Америка Құрама Штаттарынан қытайға импортталатын тауар көлемінен, экспорт басым», – деп пікір білдіріпті.

Серіктес жаңалықтары