330
АЛАТАУ БАУРАЙЫНДАҒЫ ҚЫТАЙ КӨРМЕСІ
АЛАТАУ БАУРАЙЫНДАҒЫ ҚЫТАЙ КӨРМЕСІ
Алматыда Қытай мәдениет күндері аясында «2018-Чунцин: танысу» атты бірегей фотокөрме ашылды. Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында орын тепкен бұл көрмеге қытай мәдениетінің ең жауһар туындылары қойылған. Чунцин – 3000 жылдық тарихы бар заманауи мегаполис және Қытайдағы ең ерекше қалалардың бірі. 32 миллионнан астам тұрғын қоныстанған бұл мекен мәдени және тарихи ескерткіштерімен, атақты тарихи мұражайларымен, ғибадатхана кешенімен, жартастағы бедерімен, үңгірлерімен, сәулет өнерімен бай. Аталған көрмеге қытай мен орталық Азия мәдениетінен көрініс беретін, бір-біріне ұқсамайтын 42 фотосурет қойылған. Онан бөлек көрменің ашылу рәсімінде дәстүрлі қытай шәй ішу рәсімі өтті. Бұл көрмеге ұйымдастырушылар талай жылдық тарихы бар Цзяньчжи өнерінің де ерекше үлгілерін алып келген. Нақты айтқанда қағаздан көркем кесілетін өнер туындылары көз қуантады. Көрмені ұйымдастырушылар қытай ақындарының өлеңдерін оқытуды арнайы көздепті. Екі ел арасындағы мәдени сабақтастық әдеби қарым-қатынасқа ұласса деген ойларын бөлісті. Онан бөлек ұлттық киімдер шеруі көз қуантты. Салтанатты ашылу рәсімінің соңында «Ұста» фильмі көрсетілді.