жұма, 18 сәуір, 2025

Қытай: Қазақстанның сауда үйі ашылмақ

/
ашық дереккөзі
Қытай: Қазақстанның сауда үйі ашылмақ Шэньси провинциясындағы Сиань қаласында Қазақстанның сауда үйі ашылады. Қазақстан сыртқы сауда палатасы басқарма төрағасының орынбасары Нұралы Бөкейханов: «19 қазанда Қытайдың Сиань қаласында Қазақстанның сауда үйін ашу жоспарланған. Бұл сауда үйі 5 мың шаршы метрді құрайды. Одан бөлек, тауарларды сақтау үшін 10 мың шаршы метр қойма салынбақ. Осылайша, қазақстандық кәсіпкерлер өз өнімдерін қытайлық кәсіпкерлерге ұсына алады», – деді. Нұралы Бөкейхановтың айтуынша, Шэньси провинциясында ашылатын Қазақстанның сауда үйі show room ретінде жұмыс істейді. Қазіргі таңда онда жұмыс істеуге 25-тен астам қазақстандық кәсіпкер қызығушылық танытқан.
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары