«ТӨЛЕ БИ» ФИЛЬМІ  ТАСПАЛАНУДА

«ТӨЛЕ БИ» ФИЛЬМІ  ТАСПАЛАНУДА

«ТӨЛЕ БИ» ФИЛЬМІ  ТАСПАЛАНУДА
ашық дереккөзі
Киелі Түркістанда қазақтың қоғам қайраткері, шешен Төле би туралы тарихи фильмнің түсірілім жұмыстары басталды. Бас-аяғы 10 сериалдан тұратын туынды атақты бидің өмір жолын түгел қамтымақ. Фильмге жергілікті өнерпаздар тартылып отыр.  10 сериялы көркем фильмде 9 жасынан бастап билік айтып, әділдігімен көзге түскен бала бидің әдемі сөзге емес, әділ сөзге тоқтай білетіні тамаша көрініс тапқан. Жаугершілік заман болғандықтан, Төле бидің де жастайынан қолына қару алып, әскери өнердің қыр-сырын терең меңгеруіне тура келгенін фильмнен тамашалауға болады. Сол дәуірдегі халықтың өмір сүру салты мен тұтас қоғамның шынайы бет-бейнесі анық көрсетілмек. Шығармашылық топтың алға қойған міндеттері де сол екен. «Төле би туралы фильмді түсіру мақсатымыз – Ордабасыны көтеру. Аталған туындының соңында Сабалақ болып жүрген Абылайдың жекпе-жегін көрсетпекшіміз. Және де жоңғарларға берген соққысы, билердің халқына айтқан насихаты да басты назарда», – дейді фильм режиссері Батырхан Дәуренбеков. Түркістанда Төле бидің Тәуке ханмен болған кездесулері және осында айтқан шешімдері түсірілуде. Бұдан кейін шығармашылық топ Алматы мен Ташкент қалаларына аттанады. Себебі бұл жерлерге Төле би бабамыздың табаны тиген. Ал тарихи туындының соңын үш жүздің басы қосылған Ордабасы тауында түсіру жоспарланған. Бұл тарихи туынды жыл соңына дейін монтаждалып, бітеді. Ал көрерменге келер жылы жол тартпақ.