Әлем жазушылары Алматыда

Әлем жазушылары Алматыда

Әлем жазушылары Алматыда
ашық дереккөзі
255
Алматы қаласында 10-12 қыркүйек аралығында «Құбылмалы әлемдегі заманауи әдебиеттің орны» атты дүниежүзілік форум өтеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша бұл шараға халықаралық қазақ «Пен» клубы жылдан астам дайындалған. Сондықтан да әлемнің маңдайалды ақын-жазушылары бас қосқан айтулы шарадан көптің әсері бөлек болады. Себебі аталған шараға 16 мемлекеттің классик жазушылары келмек. Олардың қатарында мақтанышымыз Олжас Сүлейменов бастаған израилдық Алексей Цветков, реселік Сергей Гандлевский мен құрама штаттардан Бахыт Кенжеев бой көрсетеді. Халықаралық бұл мереке 3 күнге созылады. Форумның басты мақсаты – әлем әдебиетімен етене танысу дейді ұйымдастырушылар. Шараға Алматы қаласының әкімдігі мен Қазақстан жазушылар одағы қолдау көрсетуде. Бұқаралық ақпарат өкілдеріне арнайы өткізілген баспасөз мәслихатында: «Құбылмалы әлемдегі заманауи әдебиеттің орны» деп отырмыз. Бұл нағыз көкейкесті, өзекті тақырып. Неге десеңіздер, біздің жазушыларымыз мына тұрған Қырғызстан, Өзбекстан түгілі, қазіргі орыс әдебиетінің өкілдерін жетік біле бермейді. Себебі, жазушылар арасында қарым-қатынас жоқ. Сол қарым-қатынасты орнату үшін дүниежүзінде қандай үрдістер орын алуда, қандай дәстүрлер сақталып келеді, қандай идеялар бар, соның бәрін біз осы осы форумда айтып, талқылап тұрсақ, бір-бірімізді жете тани түсер едік», – деді белгілі көзсемсөзші және аудармашы, Халықаралық қазақ ПЕН-клубының басшысы Бигелді ҒАБДУЛЛИН.

Серіктес жаңалықтары