Қарағандыдағы мол қазына

Қарағандыдағы мол қазына

Қарағандыдағы мол қазына
ашық дереккөзі
404
Қарағанды облысында 1 миллиард тоннаға жуық кен табылуы мүмкін дейді мамандар. Қазір геологтар мыстың мол қоры бар аумақтарды барлауға кірісті. Ол үшін шетелдік ірі компаниялардан қомақты инвестиция тартылып отыр. Технология да жаңа. Осылайша өңірде үш бірдей ірі жоба қолға алынды. Бір айта кетерлігі бұл жобалардың маңызды екені ескеріліп, әлемнің кәсіби геологтары тартылып отыр. Атап айтсақ, әлемдегі тау-кен металлургия алпауыттарының алғашқы үштігіне кіретін австралиялық-британдық компания жүзеге асырмақ. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша қазір аэрогеофизикалық жұмыстар аяқталып, бұрғылау басталып кеткен. Геологтар Балқаш-Сарышаған және Қорғантас аумағында 1 миллиард тоннаға жуық кен қоры болуы мүмкін деген болжам жасап отыр. Сонымен қатар, бұл өңір жақсы жаңалықтарға толы. Жуырда Қарағандыда аса күрделі геологиялық сынамаларды зерттейтін заманауи зертхана ашылатын болды. «Бұған дейін ондай сынамаларды шет елдерге жөнелтуге тура келетін», – дейді мамандар. Қазақстанда осы тектес зертханалар болғанымен, олар дүниежүзілік сертификат алмапты. Зерттеушілер осыған дейін көршілес Қырғызстан мен Ресейге барып, арнайы зертханаларын жалға алып келсе, енді бұл олқылықтың орны толмақ.

Серіктес жаңалықтары