Астана қаласында қызылша жұқтырғандар саны артып келеді

Астана қаласында қызылша жұқтырғандар саны артып келеді

Астана қаласында қызылша жұқтырғандар саны артып келеді
ашық дереккөзі
329

Астанада қызылшамен сырқаттанғандар саны 8 айда 400-ге жеткен. Ата-аналар жұқпалы ауруға қарсы екпені салдырудан бас тартуы- аурудың кеңінен таралуына басты себеп болып отыр. Осыған орай, ауа арқылы таралатын кеселдің алдын алу мақсатында қазан айында 15 пен 19 жас аралығындағы 21 мыңнан астам жасөспірімге қосымша екпе жүргізу жоспарлануда. Ал дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осы дерттің таралуына байланысты дабыл қағып, әлемде жылына 1 жарым миллион адам қызылшаның кеселінен көз жұмады деген ақпарат таратты. Ал жұқпалы дертке қарсы қосымша иммундау, көздің көрмей қалуы, пневмония, ақыл-ой дамуының кешеуілдеуі, психиканың бұзылуы секілді сырқаттардан сақтамақ. Сондықтан сала мамандары екпеден қашудың еш қисыны жоқ деген пікір білдіруде.

Серіктес жаңалықтары